+7 (701) 759 90 19
USD 376.16 EUR 406.18
RUB 5.90 CNY 53.60
Jańalyqtar

13 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 13 желтоқсан 07:00
Бөлісіңіз:
13 желтоқсан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1991 жылы Ашхабад қаласында (Түрікменстан) ССРО құрамындағы (болған) Орталық Азияның бес мемлекеті - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан президенттері кездесті. Кездесу қорытындысында мемлекеттер одақтан тараған елдерге тең құқық беріп, оларды құрылтайшы ретінде мойындаған жағдайда ТМД құрамына кіруге келісім беретіні айтылды.

1993 жылы Қазақстан ядролық қарудан бас тартатын мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу шешімін қабылдады.

1995 жылы Сауд Арабиясы Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

2004 жылы Астанада вокзал алаңына 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстан Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6 тамызда теміржолдың 100 жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақтас республикалардың магистраль жолдарында пайдаланылған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған.

2007 жылы Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, халық жазушы Зейнолла Қабдолов (1927-2006) тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

2013 жылы Астанада «Жас тұлпар» алғашқы сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

2013 жылы еліміздің кітап шығару ісі, баспа-полиграфия саласы, кітапхана жүйесі қызметкерлерін, қаламгерлерді, сонымен бірге кітап мәдениетін арттыруға зор үлес қосып жүрген еліміздің және шетелдің көрнекті мәдениет, саясат қайраткерлерін, бизнес өкілдерін ынталандыру мақсатында «Кітап мәдениетіне қосқан зор үлесі үшін» медалі бекітілді.

Медальмен марапаттау жылына екі мәрте: Қазақстан Республикасының Баспасөзі күні (28 маусым) және Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күніне орай (16 желтоқсан) өткізіледі.

2013 жылы Шығыс Қазақстанда Мұзтау тауының бөктерінде «Әл-құддыс» мешіті салынды.

2014 жылы Сәулет өнерін дамытуға, бейбітшілікті және халықтар арасындағы достықты, өзара сенімді нығайтуға қосқан ерекше үлесі үшін сәулетші Норман Фостерге Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті - Елбасының Мемлекеттік бейбітшілік және прогресс сыйлығы берілді.

2015 жылы Түркі әлемі қоры ақын, жазушы, мемлекет және қоғам қайраткері Олжас Сүлейменовті «Жыл адамы» деп таныды.

2016 жылы Алматыда Қазақстан Республикасының егеменді мемлекет ретіндегі құқықтық мәртебесін бекіткен - Конституциялық заң қабылданған тарихи орын - бүгінгі Қазақ-Британ техникалық университеті ғимаратының алдыңғы бетіне (бұрынғы Жоғарғы Кеңес) ескерткіш тақта орнатылды.

2016 жылы қазақстандық боксшы Геннадий Головкиннің есімі Гиннестің рекордтар кітабына енді. Головкин осы марапатқа ең үздік нокаутер ретінде ие болған. Осы уақытқа дейін Геннадий 36 жекпе-жек өткізіп, 33 кездесуді нокаутпен аяқтаған. Осылайша, қазақстандық боксшыға тиесілі нокауттардың саны жалпы жекпе-жектердің 91,6 пайызын құрап отыр. Бұл орта салмақтағы чемпиондардың арасындағы ең үздік көрсеткіш болып саналады. Осыған орай, Голливудта өткен Бүкіләлемдік бокс кеңесінің (WBC) кезекті конвенциясында Геннадий Головкинге Гиннестің рекордтар кітабынының тиісті куәлігі табысталды.

2018 жылы Алматыда «Екінші дүниежүзілік соғыстағы қазақтар: шетелдік мұрағаттардағы құжаттар» атты 1-томы құжаттар жинағының тұсауы кесілді. Бірінші томда Еуропа елдеріндегі архивтерден алынған Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысқан қазақтар туралы мәліметтер жарияланған. Жинақ 15 шетелдік архив және Ұлыбритания, Франция, Норвегия, Ресей мен Финляндия елдерінің кітапханалары және музейлерінен алынған құжаттардан тұрады. Сонымен қатар, майдангерлердің жеке мұрағаттарынан алынған құжаттар енген. Материалдардың дені алғаш рет жарияланып отыр.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT