USD 436.29 EUR 492.83
RUB 5.92 CNY 68.48
Jańalyqtar

13 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

2016 жылғы 13 желтоқсан 06:50
Бөлісіңіз:
13 желтоқсан. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2016 жылғы 13 желтоқсанға арналған күнтізбесін ұсынады. 13 желтоқсан СЕЙСЕНБІ

Мальта Республикасының Ұлттық мейрамы - Республика күні (1974). Мальта - Жерорта теңізіндегі Мальта, Гоцо, Комино, Кемунет, Филфла аралдарында орналасқан мемлекет. Астанасы - Валлетта қаласы. Мемлекеттік тілі - мальта және ағылшын тілдері. Ақша бірлігі - мальта лирасы.

Бразилияда теңізші күні

Мереке Бразилияның әскери-теңіз флотында қызмет еткен алғашқы бразильдік адмирал Хоаким Маркес Лисбоаның туған күніне орай бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

74 жыл бұрын (1942) Павлодар тарихи-өлкетану мұражайы құрылды. Оның базасы - «Қазақстан зерделеу қоғамы» бөлімшесі.

Ғалым-этнограф және географ Григорий Потаниннің атымен аталатын мұражай облыстың ірі ғылыми-зерттеу және мәдени-демалыс орталығы болды.

44 жыл бұрын (1972) КСРО-да Ертіс-Арал теңізі арнасы құрылысының жобасы бекітілді. Сібір өзенінің арналарын Қазақстан және Орта Азияға бұру - сібір өзендерінің ағынын бөлу және оны Қазақстан мен Өзбекстанға, Түркіменстанға бағыттау жобасы. XX ғасырдың ең ірі жобаларының бірі.

25 жыл бұрын (1991) Ашхабад қаласында (Түркменстан) КСРО құрамына кіретін бес Орталық Азия мемлекеттері - Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түркменстан және Өзбекстан президенттерімен кездесу өтті. Қорытындылай келе, мемлекеттер одақтан тараған елдерге тең құқық беріп, оларды құрылтайшы ретінде мойындаған жағдайда ТМД құрамына кіруге келісім беретіні айтылды.

23 жыл бұрын (1993) Қазақстан ядролық қаруы жоқ мемлекет ретінде ядролық қаруды таратпау туралы келісімге қосылу шешімін қабылдады.

21 жыл бұрын (1995) ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Сауд Арабиясы Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

21 жыл бұрын (1995) Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың Жарлығымен Сауд Арабия Корольдігінде Қазақстан Республикасының елшілігі ашылды.

19 жыл бұрын (1997) «Халық көші-қон туралы» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.

16 жыл бұрын (2000) «Отбасы үлгісіндегі балалар ауылы және жасөспірімдер үйлері» Қазақстан Республикасының заңы қабылданды. Алғашқы Жасөспірімдер үйі Алматыда ашылды.

12 жыл бұрын (2004) Астанада вокзал алаңында 1922 жылы шығарылған республикадағы ең ескі паровоз қойылды. Астананың теміржол вокзалында «Батыр-паровоз» ескерткішін орнату туралы Қазақстанның Президенті Н.Назарбаев 2004 жылғы 6-шы тамызда теміржолдың 100-жылдығына арналған салтанатты жиналыста айтқан болатын. Паровоз Швецияда жасалған. 1922-1982 жылдар аралығында Қазақстанның темір жолдарында және басқа бұрынғы одақ республикаларының магистраль жолдарында пайдалануда болған, Ұлы Отан соғысы жылдары майдан маңындағы учаскелерге жүк тасымалдаған.

12 жыл бұрын (2004) Тараздағы Абай атындағы Орталық кітапханада электронды залдың көрсетілімі болып өтті. Электронды залда жаңа компьютерлер, сканерлер, құжаттардың бай электронды коллекциясы бар. Бұл кітапханалық жүйе Қазақстанның Ақпараттық кітапханалар консорциумының мүшесі.

11 жыл бұрын (2005) Астанада «Азия асқарлары» кітабының тұсаукесері болып өтті.

Басылымды «Ашық қоғам» институтының тәуелсіз авторлар тобы құрастырған. Кітап Түркия, Сингапур, Қытай, Малайзия және Қазақстан - азиялық бес елдің табыстары жайлы баяндайды. Сол жетістіктерге тікелей себепкер адамдардың еңбегін сөз етеді.

10 жыл бұрын (2006) алғашқы рет Қазақстанда С.Бегалин атындағы мемлекеттік балалар кітапханасында балаларға арналған - «Мұхаммед Пайғамбар» және «Қажы» атты исламның жоралары мен құндылықтары, әлемнің ең ірі діні туралы Санйаснаин Хан кітабының тұсаукесері өтті. Кітаптар «Расскажи мне о?» сериясында берілген. Олар көптеген елдерде ағылшын, орыс және басқа тілдерде шықты. Кітап бәріне түсінікті тілде жазылған және тамаша көркемделген.

10 жыл бұрын (2006) Астана қаласының әкімі болған Иманғали Тасмағамбетов «Золотой Икар» атты сыйлықтың иегері атанды. Сыйлықты Еуразиялық кеңістікте мәдени байланыстарды дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін «Далл'арко» Халықаралық мәдени қордың шешімімен қордың вице-президенті Янник Мерсье табыс етті.

9 жыл бұрын (2007) Алматыда Қазақстан Республикасы Ұлттық Ғылымдар Академиясының академигі, халық жазушы Зейнолла Қабдолов (1927-2006) тұрған үйге ескерткіш тақта орнатылды.

7 жыл бұрын (2009) Таразда халықаралық стандарттарға сәйкес келетін теннис корттары ашылды. Кешен төрт ашық және екі жабық теннис алаңдарынан тұрады. Корттарды салуда итальяндық «Хард» фирмасының жабындары пайдаланылды. Жабық корттарды словакиялық «Дуол» фирмасы жасады.

6 жыл бұрын (2010) Астанда Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымының аясында құқық қорғау саласындағы өзекті мәселелерді талқылауға арналған «дөңгелек үстел» өтті.

6 жыл бұрын (2010) Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ «Медетфильм» студиясымен бірлесіп түсірген «Прыжок афалины» шытырман оқиғалы фильм Киевте өткен «Золотой Георгий» Х Халықаралық құқық қорғау тақырыбындағы фильмдер мен телерадиобағдарламалар фестивалінде Гран-при ұтып алды.

6 жыл бұрын (2010) «Электрондық үкімет» сәулет жөніндегі сараптамалық кеңестің III отырысы өтті.

6 жыл бұрын (2010) Қырғызстан астанасында «Астаналық ЕҚЫҰ саммитінің нәтижелері мен Ұйымның даму перспективалары» тақырыбында «дөңгелек үстел» өтті.

5 жыл бұрын (2011) «Үлбі металлургиялық зауыт» АҚ «Үздік әлеуметтік-жауапты кәсіпорын» номинациясында «Парыз» бизнесінің әлеуметтік жауапкершілігі бойынша байқаудың лауреаты атанды.

«Парыз» қола мүсіні Президент Н. Назарбаевтың қатысуымен Астанада өткен марапаттау рәсімінде «УМЗ» АҚ басқармасының төрағасы Юрий Шахворостовқа табыс етілді.

5 жыл бұрын (2011) Петропавлдағы облыстық С. Мұқанов атындағы әмбебап ғылыми кітапханада «20 жұлдызды күн - Тәуелсіздіктің 20 асуы» жұлдызды марафонының аясында «Қазақстан - индустриалдық держава» атты кітап панорамасының таныстырылымы өтті.

5 жыл бұрын (2011) «РИА Новости» ақпараттық агенттігінің халықаралық баспасөз орталығында Мәскеу-Астана бейнекөпірі аясында ресейлік политологтар, ғалымдар, экономистер, публицистердің ғылыми жұмыстарының нәтижесін көрсеткен «Қазақстанның 20 жылдығы» кітабының таныстырылымы өтті.

5 жыл бұрын (2011) Таразда «Баласағұн» концерт залында өңір аумағындағы «жеті ғажайыпты» айқындау бойынша виртуалдық халық байқауының нәтижелерін шығару бойынша салтанатты рәсім өтті.

«Жеті ғажайып» тізбесіне 2009 жылы салынған Хибатулла ат-Тарази мешітінен басқа «Айша бибі» XI ғасырдың бірегей өрнекті мавзолейі, Ақыр-Тас жұмбақ құрылысы, Қарахан мавзолейі және т.б. кірді.

4 жыл бұрын (2012) Петропавлда Аграршылар үйінде жаңа Инвесторларға қызмет көрсету орталығы жұмыс істей бастады.

4 жыл бұрын (2012) Алматыда А. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Қазақ халық эпосы. Қазақ халқының тарихы мен дәстүрі» республикалық көрме-байқауы өтті.

3 жыл бұрын (2013) Астанада «Жас тұлпар» алғашқы сыйлығын салтанатты түрде табыстау рәсімі өтті.

3 жыл бұрын (2013) Алматыда ҚР Тұңғыш Президентінің қорында елдің ең тамаша фотоматериалдары ұсынылған «Белгісіз Қазақстан» атты фотокөрме өтті.

3 жыл бұрын (2013) Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі қазақ-ағылшын-орыс және орыс-қазақ-ағылшын сөздіктерін таныстырды.

3 жыл бұрын (2013) Шығыс Қазақстанда Белуха тауының бөктерінде «Әл-құддыс» мешіті пайда болды.

20 жыл бұрын (1996) Кофи Аннан БҰҰ бас хатшысы болып сайланды.

14 жыл бұрын Еуроодақ өзінің кеңейетінін мәлімдеді. Кипр, Чехия, Эстония, Венгрия, Латвия, Литва, Мальта, Польша, Словакия және Словения Еуроодаққа 2004 жылғы 1 мамырдан бастап қосылатынын хабарлады.

ЕСІМДЕР

247 жыл бұрын (1769-1844) орыс жазушысы, ақын, мысалшы, Санкт-Петербор Ғылым Академиясының академигі Иван Андреевич КРЫЛОВ дүниеге келді. Мәскеу қаласында туған. Крылов орыс әдебиетінде мысал жанрын биік сатыға көтерді. Өткір де айшықты тілімен, әжуасықағымен ерекшеленетін 200-ден астам мысал жазды. Шығармаларында өмір шындығын терең бейнелеп, адам бойындағы жағымсыз қылықтарды шенеді. «Рухтар поштасы» сатиралық журнал шығарды. Көптеген пьесалар мен либреттолардың авторы. Қазақ оқырмандарын Крылов мысалдарымен алғаш рет Ы.Алтынсарин («Қарға мен түлкі»), Абай («Есек пен бұлбұл», «Шегіртке мен құмырсқа», «Піл мен қанден») таныстырды. А.Байтұрсынов Крыловтан аударған және өзі жазған мысалдардан тұратын кітап шығарса, С.Көбеев «Үлгілі тәржіма» атты кітап жазып, оған Крыловтың 37 мысалының аудармасын енгізді. Крыловтың туындылары «Мысалдар» деген атпен қазақ тілінде жеке кітап болып шыққан.


200 жыл бұрын (1816-1892) танымал неміс инженері, Siemens фирмасының негізін қалаушы Вернер фон СИМЕНС дүниеге келді.








92 жыл бұрын (1924) түркітанушы, филология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстан Ұлттық Ғылым Академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері Әбдуәли Туғанбайұлы ҚАЙДАР дүниеге келді. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Алматы облысында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университет), Қазақстан Ғылым Академиясының аспирантурасын бітірген.

1954-1995 жылдары - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының ұйғыр-дүнген мәдениеті секторының кіші ғылыми қызметкері, шығыстану секторының аға ғылыми қызметкері, ұйғыр филологиясы бөлімінің меңгерушісі, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, директоры қызметтерін атқарған. 1995 жылдан - Қазақстан Республикасы Ғылым Министрлігі - Ғылым академиясы А.Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтының құрметті директоры. Негізгі ғылыми ізденістері қазақ және ұйғыр тілдері және жалпы салыстырмалы түркітану, сөзтану, этимология, ономастика, терминология, семасиология, фразеология, паремиология мәселелерін зерттеуге арналған. Елдегі тіл саясатына белсенді араласып, қазақ тілінің мемлекеттік деңгейде қолданылуына қатысты елеулі ат салысты. Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың иегері. Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының құрметті президенті. Башқұртстан Ғылым Академиясының құрметті академигі. «Известия НАН РК», «Советская тюркология» ғылыми, ғылыми-танымдық журналдарының редакторы, редакциялық алқасының мүшесі. 3 дәрежелі «Даңқ», екі мәрте «Қызыл Жұлдыз», екі мәрте «Отан соғысы», «Халықтар достығы», «Отан», «Құрмет белгісі» ордендерімен, «Ана тілінің айбары» алтын белгісімен, медальдармен марапатталған.

86 жыл бұрын (1930-1990) кеңес актері, РСФСР халық әртісі Николай Николаевич РЫБНИКОВ дүниеге келді.

81 жыл бұрын (1935) жазушы, қазақ фольклорын зерттеуші, Шыңжаң және Қытай фольклор сыйлықтарының иегері, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының мүшесі Оразанбай ЕГЕУБАЕВ дүниеге келді.

Шыңжаң өлкесі, Тарбағатай аймағының Шағантоғай ауданында туған.

1999 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралған.

«Шыңжаң газеті», «Іле газеті», «Мұра» журналы редакциясында редактор, тілші, бөлім бастығы, бас редактордың орынбасары міндетін атқарған.

«Көктем», «Адам, ат, ит», «Қазақ тарихындағы әйгілі адамдар - Таңжарық Жолдыұлы», «Зерттеу материалдары», «Қазақ хиссалары - батырлық, тарихи жыр-қисса», «Қазақтың ғашықтық жырлары», «Таңдамалы шығармалары», «Тау ұлы» кітаптары басылып шыққан. 13 еңбегі қытайшаға тәржімаланған.

Шыңжаң және Қытайдың мәдениеті мен өнерінің дамуына ерекше үлес қосқан қайраткер атағын алған. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

77 жыл бұрын (1939) Тамас Қалмұхамбетұлы АЙТМҰХАМБЕТОВ дүниеге келді - Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің қылмыстық құқық және үрдіс кафедрасының меңгерушісі.

Астрахань облысында туған (РСФКР). Володарский педагогикалық училищесін (1957); С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін тәмәмдаған, заңгер (1967).

Еңбек өтілі: орта мектеп мұғалімі (1957-1959); кеңшар комсомол комитетінің хатшысы (1959-1960); Павлодар облыстық сотында судья, Павлодар қ. прокурор, Индустриалдық ауданының прокуроры, Павлодар облысы прокурорының бірінші орынбасары (1967-1978); начальник отдела прокуратуры Қазақ КСР прокуратурасы бөлімінің бастығы (1978-1983). Әр жылдарда т.б. жоғары лауазымдарда қызмет атқарған.

62 жыл бұрын (1954) Бердәулет Ешенұлы АБДУЛДАЕВ дүниеге келген - Алматы облысы Панфилов ауданының әкімі.








50 жыл бұрын (1966) Амангелді Сағынбайұлы ТОЙБАЕВ дүниеге келді - Директорлар кеңесінің мүшесі - ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің мемлекеттік қатысуымен мемлекеттік емес заңды тұлғалармен жұмыс басқармасы жетекшісі. Костромский ауыл шаруашылығы институты, инженер-механик (1992); Қырғыз мемлекеттік ұлттық университеті, заңгер (1998).
Еңбек өтілі: Қазақстандық ауыл шаруашылығы институтының «Трактор және автомобильдер» кафедрасының ассистенті; Қазақстан Республикасы Мемлекеттік монополияға қарсы саясат комитетінің бас маманы (1994); «Электробытприбор» ААҚ инженер (1995); ҚР Қаржымині Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің бас маманы, бөлім бастығы, бас сарапшысы (1996 ж.) болған.


47 жыл бұрын (1969-2007) кеңестік, қазақстандық және ресейлік эстрада әншісі, әндердің авторы Мұрат Исмаилұлы НАСЫРОВ дүниеге келді.







42 жыл бұрын (1974) Серік Төлеуғалиұлы ТҮЛЕНБЕРГЕНОВ дүниеге келген - Шығыс Қазақстан облысы құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының басшысы.

Семей облысында туған. Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, экономист мамандығы бойынша (2002); Қазақстандық-Американдық еркін университеті, заңгер мамандығы бойынша бітірген (2006).

Еңбек өтілі: «АРЖ» ЖШС бухгалтер (1995-1996); ҚР Қаржымині жанындағы ҚВБК Семей облысы бойынша басқармасының контролер-ревизоры (01.1997-07.1997); ҚР Қаржымині ҚБК Өскемен қ. бойынша бөлімшесінің мемлекеттің кәсіпорындардың контролер-ревизоры (1997-1998); әр жылдарды түрлі ЖШС-ларда директор, т.б. жоғары лауазымдарда қызмет атқарған.

Атқарып отырған лауазымында - 2013 жылғы қыркүйектен бастап.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Ақбөпе Әбдрасул

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT