13 жастағы Момиджи Нишия -Олимпиада тарихындағы екінші ең жас чемпион

None
None
ТОКИО. ҚазАқпарат - 13 жастағы жапондық скейтбордшы Момиджи Нишия 2020 жылғы Токио Олимпиадасында алтын жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Нисия 13 жас және 330 күнге толған кезінде жеңіске жетіп, жазғы ойындардағы екінші ең жас Олимпиада чемпионы атанды.

Рекорд 1936 жылы Берлинде өткен Олимпиадада 13 жас 268 күнінде суға секіруден жеңімпаз атанған американдық Марджори Гестрингке тиесілі.

Айта кетер жайт, скейтбордингтен жарыстар олимпиада тарихында алғаш рет өткізіліп отыр.



Соңғы жаңалықтар