13 жасар семейлік шахматшы оқушылар арасында Азия чемпионы атанды

None
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Желтоқсанда Калутара қаласында (Шри-Ланка) оқушылар арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті. Жас спортшылар барлығы 16 медаль жеңіп алды, оның үшеуі Абай облысының еншісінде, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық әкімдік мәліметіне сенсек, блиц турнирінде әр елден келген шахматшылар арасында 13 жас аралығында алтын медалін жеңіп алған Сұлтанбейбарыс Думанұлына тең келетін ешкім болмаған.

Классикалық шахмат турнирінде де өз жас тобында 1-орынға ие болып, ФИДЕ халықаралық шебері атағына қол жеткізді.

Ал рапид шахмат турнирінде Сұлтанбейбарыс қола жүлдегер атанды.

Сондай-ақ, оның қарындасы Әлфараби Думанқызы рапидтен 15 жасқа дейінгі категорияда 4-орынға ие болды.


Фото: Абай облысының әкімдігі


Соңғы жаңалықтар