13 жасар пауэрлифтер Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат- Көкшетаулық 13 жасар пауэрлифтер Үндістанда өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлдегер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы баспасөз қызметінің мәліметі бойынша Үндістанның Керала қаласында пауэрлифтингтен Азия чемпионаты өтуде.  Жарысқа əлемнің 20 елінен жиналған спортшылар қатысып, күш сынасуд

Жарыс үш сайыс жаттығуы бойынша өтуде. Чемпионаттың алғашқы күні 13 жастағы көкшетаулық пауэрлифтер Диас Шакерхан 56 салмақтағылар арасында күміс жүлдегер атанды.

Жаттықтырушысы Асылжан Əлмерденов сөзінше, Диас осы жарыстағы ең жас спортшы болып отыр.

«Біз Диасқа зор сенім артқан болатынбыз. Ол бүгін біздің сол үмітімізді ақтады», - деп атап өтті Асылжан Əлмерденов.

Айта кетейік, байрақты додаға ұлттық құрама сапында Ақмола облысы атынан 4 спортшы атанды. Олар желтоқсанның 9-ына дейін ел намысын қорғайтын болады.

Соңғы жаңалықтар