USD 434.34 EUR 491.93
RUB 5.56 CNY 68.67
Jańalyqtar

13 жасар қыз Нұра өзеніне батып кетті - Ақмола облысы

2014 жылғы 23 маусым 09:45
Бөлісіңіз:
13 жасар қыз Нұра өзеніне батып кетті - Ақмола облысы

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ. ҚазАқпарат - Өткен демалыс күндері Ақмола облысының Целиноград ауданында 13 жасар қыз суға батып кетті, деп хабарлады аймақтық ТЖД баспасөз қызметінен.

Қайғылы оқиға Целиноград ауданындағы Р.Қошқарбаев ауылында орын алған. Ауыл маңынан 300 метр қашықтықта ағып өтетін Нұра өзеніне шомылмақ болған 2001 жылғы 7 сынып оқушысы Карина Данилованы ағыс алып кетті.

Құтқару жұмыстарына Астана қаласындағы ҚР ТЖМ Орталық аймақтық аэромобильді жедел құтқару жасағының 3 қызметкері және 1 құтқару техникасы тартылып, қыздың денесін судан алып шықты.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Аслан Оспанов

Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT