13 жасар бала Қара Ертіс өзеніне батып кетті

None
None
ЗАЙСАН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысында 13 жасар бала өзенге батып кетті, деп хабарлайды ҚазАқпарат облыстық төтенше жағдайлар департаментіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 2 тамыз түстен кейін Қара Ертіс өзенінде болған қайғылы жағдай туралы хабар түскен. Бала ата-анасымен және туыстарымен бірге демалуға жағалауға келген. Сосын шомылып жүріп суға батып кеткен.

«Туыстары тез арада балақайдың денесін судан шығарып, Зайсан қаласындағы ауруханаға апарған. Алайда оны аман алып қалу мүмкін болмады. Құтқарушылардың айтуынша, қайғылы жағдайдың себебі - арнайы жабдықталмаған жерде суға түсу. Қара Ертіс өзенінде ағыс өте қатты және түбі өте терең, кей тұстарында иірім бар» деп түсіндірді департаменттен.

Құтқарушылар аймақ тұрғындарына жабдықталмаған, қыр-сырын білмейтін бейтаныс жерде шомылу және суға секіру өте қауіпті екенін ескертеді. Әсіресе мас күйде суға түспеген абзал.


Соңғы жаңалықтар