13 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

12:00-де ҚР Тұңғыш Президенті атындағы Ұлттық қорғаныс университетінде Қазақстан аумағындағы VIII Армиялық халықаралық ойындардың салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

14:00-де Қалалық қуыршақ театрында «Жаңғырық туралы ертегі» көрсетіледі.

16:00-де Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» халықаралық цирк өнері фестивалі өтеді.

19:00-де EXPO іскерлік орталығында баспасөз туры өтеді. Онда жазғы кезеңде елорда тұрғындары мен қонақтары үшін мәдени-ойын-сауық бағдарламасы бар EXPO Camp әмбебап кеңістігі, ауқымды шоу-бағдарламасы бар жазғы сахна мен ашық аспан астындағы би, сондай-ақ NUR ALEM болашақ энергиясы мұражайында коллекционер-этнограф Бахаргүл Төлегеннің «Жауһар жәдігер» бірегей көрмесі мен суретші Елена Ралинаның «Жылдың жеті күнінде» деп аталатын жеке сурет көрмесі көрсетіледі.





Фото: pixel-shot.com


Соңғы жаңалықтар