13 тамыз. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 тамыз күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

83 жыл бұрын (1935-1978) жазушы, аудармашы, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі ЖАНҰЗАҚОВ Тельман дүниеге келді.

Алматы облысы Райымбек ауданы Нарынқол ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін) бітірген.

Еңбек жолын 1965 жылы «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас Алаш) газетінің әдеби қызметкері болып бастады. Осы газетте бөлім меңгерушісі, бас редактордың орынбасары, 1967-1971 жылдары «Правда» газетінің Қазақстандағы тілшісі, 1972-1974 жылдары екі тілде шығатын «Ара» журналының бас редакторы, 1974 жылдан өмірінің соңғы күндеріне дейін «Қазақфильм» киностудиясы директорының орынбасары, директоры, Қазақстан Кинематографистер одағының екінші хатшысы қызметтерін атқарған.
«Ради жизни на земле», «Олимпийский факел», «Азаматтар» атты кітаптардың авторы. Швейцар жазушысы Ф.Дюрематтың «Сот пен жендет» повесін, Америка жазушысы Ф.Купердің «Могиканның соңғы тұяғы», А.Толстойдың «Инженер Гариннің гиперблоиды» романдарын қазақ тіліне тәржімалады.
Оның есімі Алматы облысы Райымбек ауданының Нарынқол ауылындағы орта мектепке берілген.  


null 77 жыл
 бұрын (1941) белгілі филолог-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты, қоғам қайраткері, «Мемлекеттік тілге құрмет» қоғамдық бірлестігінің төрайымы, «Мемлекеттік тіл» республикалық қозғалысы төрағасының орынбасары, Алматы облыстық әзербайжан мәдениет орталығының төрайымы, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, Алматы облысының және Түркістан облысындағы Түлкібас ауданның құрметті азаматы ОСМАН Асылы Әлиқызы дүниеге келді.

Грузияда туған. Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық институтын, ҚазКСР Ғылым академиясы Тіл білімі институтының аспирантурасын бітірген. 1969-1993 жылдары - ҚазКСР Ғылым Академиясы Тіл білімі институтының аспиранты, кіші, аға ғылыми қызметкері. 1993-1997 жылдары - ҚР Тіл комитетінің, ҚР ұлт саясаты жөніндегі мемлекеттік комитетінің бөлім бастығы, басқарма бастығы. «Тұран» Әзербайжан мәдени орталығының вице-президенті болды. 1997 жылдан зейнет демалысында.
«Парасат», екінші дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған.

67 жыл бұрын (1951) Қазақстанның халық суретшісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ҚОЖАХМЕТОВ Решат Файызрахманұлы дүниеге келді.
Алматы қаласында туған. Қазақстанның Халық суретшісі, ҚазКСР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты. Мәскеу сәулет институтының «Қала құрылысы» факультетін бітірген (1976), сәулетші. Жұмыстары «Ұлы Жібек жолы» көрмесінде (Ташкент , Өзбекстан, 1996); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер байқауында (Исламабад , Пәкстан, 1997); Халықаралық декоративтік және қолданбалы өнер көрмесінде (Пекин, Қытай, 1997); Каир Халықаралық керамика биенналесінде (Каир , Мысыр, 1998, 2002); Мәскеу халықаралық салонында (1998); Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост, Австралия, 1999, 2000); «Керамика өнерінің алдыңғы қатары» коллекциясының көрмесінде (Жапония, 2000-2001); Халықаралық керамика көрмесінде (Carouge, Швейцария, 2001); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінде (Загреб , Хорватия, 2003); 23-ші Gold-Cost International Ceramic Art Award (Голд-Кост , Австралия, 2004); 5-ші Cheongju International Craft Competition (Корея, 2007); Халықаралық қазіргі заман өнері кермесінде (Нью-Йорк , Icosahedron галереясы, шілде, 2008); European Prize for Applied Arts халықаралық кермесінде, Mons (Бельгия, 2009, 2010) қойылған. Алматы қаласының түрлі галереяларында 7 жеке көрмесін өткізген. Туындылары Ұлттық Қазіргі заманғы өнер орталығында (Каир , Египет); Shigaraki Керамика мәдениет паркінің қорында (Жапония); Ә. Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында қойылған. 1976 жылдан «Қазжолжоба» жобалау институтының жетекші сәулетшісі. 1978 жылдан ҚазКСР Көркемсурет қоры «Өнер» керкемсурет комбинатының сәулетші-дизайнері, суретші-монументшісі. 1990 жылдан тек заманауи керамика бағытында ғана жұмыс істейді.

2000 жылы 3 айдың ішінде Халықаралық керамика орталығында жұмыс істеген (Shigaraki Ceramic Cultural Park, Жапония). 2009 жылы 2 айдың ішінде A.I.R.-да (Artist International Residence) Vallauris жұмыс істеп, кейіннен Aqui Siam Ben галереясында (Франция) көрмесін өткізген. ҚР Суретшілер одағының мүшесі (1988 жылдан), World Crafts Council-Europe мүшесі (1997 жылдан). Халықаралық декоративті және қолданбалы өнер байқауының керамика саласындағы І жүлдесінің иегері (Исламабад , Пәкістан, 1997). 4-ші Каир Халықаралық керамика биенналесінің медалімен және дипломымен (Каир ,Египет, 1998); Keramika Sisak 1700 Халықаралық керамика көрмесінің күміс медалімен (Загреб , Хорватия, 2003) марапатталған.

 АКТАЕВА Лязат Мейрашевна 53 жыл бұрын (1965) ҚР денсаулық сақтау вице-министрі  АҚТАЕВА Ләззат Мейрашқызы дүниеге келді.

Талдықорған облысы (қазіргі - Алматы облысы) Ақсу ауданының Ақсу ауылында туған.

Алматы медицина университетін «емдеу ісі, акушер-гинеколог» мамандығы бойынша; Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын «мемлекеттік басқару, мемлекеттік қызмет менеджері» мамандығы бойынша бітірді. Жапонияда, Түркияда, Венгрияда, Ұлыбританияда, Қазақстанда оқыды. Акушер-гинеколог дәрігер, Алматы медицина институтында акушерия және гинекология кафедрасының ассистенті, Алматы қаласының денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары, Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасы бастығының орынбасары,  «Ұлттық медициналық холдинг» АҚ департамент директоры, атқарушы директор, Басқарма төрағасының орынбасары, Алматы дәрігерлердің білімін жетілдіру институты филиалының акушерия және гинекология курсы бар қоғамдық денсаулық және денсаулық сақтау кафедрасының меңгерушісі, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Денсаулық сақтауды дамыту республикалық орталығының денсаулық сақтау қызметтерін дамыту орталығының басшысы, «Денсаулық қаласы» ЖШС медицина директоры, диагностикалық клиникасының директоры, «Алматы менеджмент университеті» ҰБМ «Денсаулық сақтаудағы менеджмент» бағдарламасының басшысы, Қазақстан Респубикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметтерді стандарттау департаментінің директоры, Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Акушерия, гинекология және перинатология ғылыми орталығы директорының орынбасары, директоры лауазымдарында жұмыс істеді. Медицина ғылымының докторы, «қоғамдық денсаулық сақтау/әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша жоғары білікті санаттағы дәрігер.

2017 жылғы 28 ақпаннан бастап Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі болып тағайындалды.

null 51 жыл  бұрын (1967) «РТРК «Қазақстан» «Қазақстан-Орал»  телеарнасының директоры ҒҰБАШЕВ Асыланбек Зиннатұлы дүниеге келді.

БҚО- ның Нұрсай ауылында дүниеге келген. Қазақ Мемлекеттік

университетінің журналистика факультетін (1984-1989), «Еуразия» тілдер және менеджмент академиясын (2006-2008) бітірген. Мамандығы: журналист, мемлекеттік және жергілікті басқару менеджері.

1989 жылы БҚО телерадиокомитетінің редакторы жұмысына қабылданды. Кейін аға редактор, қазақ хабарлары редакциясының бас редакторы болып жұмыс істеген. 2001 жылдан филиал директоры.

Бірнеше деректі фильмдердің авторы.

Ол «Ерен еңбегі үшін» мемлекеттік медалімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» мерекелік, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен наградталған. Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік» алтын медалімен және  ҚР Төтенше Жағдайлар Министрлігінің «Құтқару операцияларына белсенді қатысқаны үшін» төсбелгісімен марапатталған.

Ерлан Кожагапанов 50 жыл бұрын (1968) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт вице-министрі ҚОЖАҒАПАНОВ Ерлан Тоқтарханұлы дүниеге келген.

Алматы облысында туған. 1992 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист, 1999 жылы - Алматы мемлекеттік университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмамдады. 2006 жылы РФ Мемлекеттік Кеден комитетінің Ресей Кеден академиясын заңгер мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1987 жылы бастаған.

1990-1994 жылдары кәсіпкерлік қызметпен айналысқан.

1994-2007 жылдары мемлекеттік органдар мен кәсіпорындарда жұмыс істеген.

2007-2013 жылдары Астана қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

2013-2016 жылдары ҚР спорт және дене шынықтыру істері агенттігінің төрағасы, ҚР Футбол федерациясының президенті болып істеген.

2016-2017 жылдары ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.

2 дәрежелі «Айбын» орденімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

Қазіргі қызметінде - 2017 жылдан бері.

 

Саркулов Абай Серикович 37 жыл бұрын (1981) «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ басқармасының төрағасы САРҚҰЛОВ Абай Серікұлы дүниеге келді.

Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін «Банк ісі» мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2003 жылы банк саласында валюталық операциялар жөніндегі менеджерліктен бастаған. 2006-2007 жылдары «Алма-Ата» Халықаралық банкі» АҚ филиалы директорының орынбасары міндетін атқарған. 2007 жылдан бастап «Қазақстанның Даму Банкі» АҚ қызмет атқарды. ҚДБ-де жобаларға несие беру департаментінің менеджері, бас менеджер, басқарма бастығы, Жобалық дирекция басшысының орынбасары және Жобалық дирекция басшысы, Басқарушы директор қызметтерін атқарды. 2014 жылдың шілдесінен бастап «ҚДБ-Лизинг» АҚ-ның Директорлар кеңесінің мүшесі. 2016-2017 жылдары - Қазақстанның Даму Банкі басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың ақпан айынан бері.

25 жыл бұрын (1993) Ауыр атлетика бойынша 2016 жылғы Олимпиада чемпионы РАХИМОВ Нижат дүниеге келді.

Баку қаласында туған.

2010 жылдың мамыр айында Валенсияда (Испания) өткен жастар арасындағы Еуропа чемпионатына іріктеу турында 290 келі көтеріп, бірінші орын алды.

2010 жылы 17 тамызда жастар арасында Сингапурда өткен жазғы Олимпиада ойындарының жеңімпазы атанды. Нижаттың бапкері екі дүркін әлем чемпионы Низами Пашаев болған.

2013 жылы Рахимов Қазандағы жазғы Универсиадада Әзербайжанның намысын қорғап, Әзербайжан құрамасының туын көтеріп шықты. Сол жылы Перудегі жасөспірімдер чемпионатында екінші орын алды.

2013 жылдың жазында допингке тексеру кезінде 18 әзербайжандық штангашы спорттан шеттетілді. 

2014 жылдың жазында Нижат Рахимов Қазақстан азаматтығын қабылдап, ел құрамасының сапында жарысқа қатысуға келісім берді.

Екі жылдық спорттан шеттету мерзімі біткен соң, Рахимов Қазақстан құрамасы сапында 85 келіге дейінгі дәрежеде Қытайға жарысқа барып, төртінші орын алды.

2015 жылы қараша айында Хьюстонда өткен әлем чемпионатында үздік нәтиже көрсетіп, Қазақстанға жеңіс сыйлады.

2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен Олимпиада ойындарында жұлқа көтеруде 214 келіні бағындырып, әлемдік рекордты жаңартты.

119 жыл бұрын (1899-1980) ағылшын және американ кинорежиссері ХИЧКОК Альфред дүниеге келді.












92 жыл бұрын (1926-2016) ХХ ғасырда әлемдік аренадағы ең танымал саяси қайраткерлердің бірі болған Кубаның революциялық, мемлекеттік, саяси және партия қайраткері, команданте, 1976-2008 жылдардағы Куба Мемлекеттік Кеңесінің төрағасы Фидель Кастро РУС дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар