13 тамыз күнгі ауа райы болжамы
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, күндіз Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, бұршақ жаууы мүмкін. Түнде кей жерлерде, күндіз басым бөлігінде 15-20 м/с жылдамдықпен соққан желдің екпіні 23-28 м/с күшейеді.
Түркістан, таңертең және күндіз Қызылорда облыстарының кей жерлерінде дауыл, шаңды дауыл, кей жерлерде желдің күші 25 м/с жетеді.
Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарының кей жерлерінде бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с артады. Батыс Қазақстан облысында дауыл күтіледі.
Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысында желдің екпіні 23 м/с артады. Күндіз жекелеген аумақтарда дауыл тұрып, бұршақ жаууы мүмкін.
Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрып, желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді.
Атырау, Ақтөбе, күндіз Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің күші 15-20 м/с артады.
Алматы облысында Алакөл көлдерінің аумағында жел 17-22 м/с күшейеді.
Күндіз Алматы, кей жерлерде Шығыс Қазақстан облыстарында қатты ыстық күтіледі.
Сондай-ақ Қызылорда, кей жерлерде Түркістан, Жамбыл, Алматы, Қарағанды, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарында өте жоғары өрт қаупі сақталады.