13 шілдеде өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 шілде күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

7.30-да Дала күні аясында «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ «Jańa Dala / Green Day ‘2022» көрсетілім алаңдарына баспасөз турын ұйымдастырады.

12.00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Республикалық маңызы бар 120 арнаға реконструкция жүргізу және 9 жаңа су қоймасын салу туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Су ресурстар комитетінің төраға орынбасары Бекмағамбетов Досбол Боташұлы; «Қазсушар» РМК бас директорының орынбасары Асауов Алмас Тәуекелұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

14.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Зияткерлік меншік құқықтарын сақтау және қорғау саласындағы заңнаманы жетілдіру» атты баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Әділет вице-министрі Ахметова Ақерке Естайқызы; ҚР Әділет министрлігі Зияткерлік меншік құқығы департаменті директоры Алтынбеков Ермек Мұхитұлы; «Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК директорының орынбасары Артықова Айдын Қыдырбайқызы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де елордалық әуежай әкімшілігі ұшу-қону жолағына жөндеу жұмыстарына байланысты баспасөз брифингін өткізеді. Күн тәртібінде ҰҚЖ жөндеу, әуежай жұмысының регламентін өзгерту, рейстер кестесін өзгерту айтылады.

16.00-де «Қазақстанға ҰҚШҰ мен ЕАЭО қажет пе?» тақырыбында «Теңқұқылы диалог» пікірталас клубы өтеді. Қатысу үшін төмендегі сілтемеге өту қажет:

https://us02web.zoom.us/j/7898279539?pwd=MzVNL05wOFd2M0pYN0djM3FoQ3loQT09

Конференция идентификаторы: 789 827 9539. Кіру коды: eU26E9

18.00-де Sal Seri галереясында танымал қазақстандық суретші Армат Бектас шабыттандырған «Сананы өзгертуге арналған өнер» есептік көрмесінің ашылуы өтеді.

19.00-де Жас көрермендердің музыкалық театрында «Шәмші» мюзиклі көрсетіледі.




Фото: www.istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар