+7 (701) 759 90 19
USD 389.86 EUR 435.32
RUB 6.12 CNY 55.12
Jańalyqtar

13 шілдеде елдің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жел көтеріледі

2019 жылғы 13 шілде 05:29
Бөлісіңіз:
13 шілдеде елдің басым бөлігінде аптап ыстық болып, жел көтеріледі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 шілдеде ел аумағының басым бөлігі антициклон ықпалында болғандықтан жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек Қазақстанның батысында және шығысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты кей жерлерде жаңбырмен бірге найзағай, желдің күшеюі, бұршақ күтіледі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Ұқсас жаңалықтар
Қазгидромет: Қазақстанда күн жылынады Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы Алматы –Өскемен күре жолының учаскесі жабылды - ШҚО

Қызылорда облысында таңертең және күндіз кей жерлерде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейіп, шаңды дауылға ұласады.

Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде дауыл күтіледі, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетіп, бұршақ жаууы мүмкін.

Жамбыл, Түркістан, Атырау, Қарағанды облыстарында, күндіз Маңғыстау, Қостанай, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Алматы, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай облыстарында, Солтүстік Қазақстан облыстарының кей жерлерінде қатты ыстық күтіледі.

Қызылорда, Ақтөбе облыстарында, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Алматы, Түркістан облыстарында, Ақтөбе, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Ауа райы, Қазгидромет, Аймақ,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT