13 шілдеде ел аумағының басым бөлігінде жел тұрып, жаңбыр жауады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазгидромет 13 шілдеге арналған ауа райы болжамын жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оңтүстік Каспий циклонының әсерінен республиканың басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады, жаңбыр жауады, найзағай жарқылдайды. Елдің солтүстігінде, солтүстік-шығысында және орталығында нөсер жаңбыр жауады. Тек оңтүстік-батыс пен батыста жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республика бойынша кей жерлерде дауыл, бұршақ, желдің күшеюі, оңтүстік және оңтүстік-батыста шаңды дауыл күтіледі, солтүстік-батыста және орталықта тұман түседі.

Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл тұруы ықтимал, жел түнде кей жерлерде 15-20 м/с, күндіз 15-20, екпіні 23-28 м/с күшейеді. Таңертең және күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 25 м/с жетеді.

Жамбыл облысының кей жерлерінде бұршақ күтіледі, жел 15-20, таңертең және күндіз екпіні 23-28 м/с күшейеді. Алматы облысының таулы аудандарында күндіз бұршақ түсуі мүмкін, кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с-ке дейін күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман түседі, күндіз басым бөлігінде жел тұрып, 15-20 м/с жетеді.

Маңғыстау, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, шаңды дауыл күтіледі, Қызылорда облысының түнде және таңертең кей жерлерінде дауыл тұруы ықтимал.

Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде бұршақ, дауыл күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, Қарағанды облысының түнде кей жерлерінде тұман күтіледі.

Шығыс Қазақстан облысының, күндіз Ақтөбе облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Алматы облысының кей жерлерінде аптап ыстық болады.

Қызылорда, Түркістан, Маңғыстау, Атырау, Жамбыл облыстарының басым бөлігінде, Алматы, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде өрт қаупі сақталады.

Еске сала кетсек, Қазақстанның тоғыз облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды.


Соңғы жаңалықтар