+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

13 шілде. Туған күн иелері

2020 жылғы 13 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
13 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.


ЕСІМДЕР


49 жыл бұрын (1971) ҚР Парламенті Мәжілісі аппараты Халықаралық байланыстар және хаттама бөлімінің меңгерушісі Талғат Амангелдіұлы ҚАСЫМБЕКОВ дүниеге келді.

Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті, филолог, орыс тілі мен әдебиетінің оқытушысы; Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, мемлекеттік қызмет менеджері; Мемлекеттік саясаттың ұлттық мектебі (Қазақстан)/Ли Куан Ю атындағы Мемлекеттік саясат мектебі (Сингапур), мемлекеттік және жергілікті басқару магистрі.

1993-1998 жылдары Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде шет тілдер кафедрасының оқытушысы болып қызмет істеді. 2000-2001 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігінің бас маманы. 2001-2012 жылдары – ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің бас консультанты, бөлім меңгерушісінің орынбасары қызметтерін атқарды. 2012 жылдың қаңтар айында ҚР Парламенті Мәжілісі Аппараты Халықаралық байланыстар және Хаттама бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және бірқатар мерекелік медальдармен наградталған.

43 жыл бұрын (1977) Қазақстан Республикасының ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Кемелбек Бақтығұлұлы ОЙШЫБАЕВ дүниеге келді.

Батыс Қазақстан облысында дүниеге келген. 1998 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «журналист» мамандығы бойынша, 2004 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін «заңгер» мамандығы бойынша тәмамдаған. Сондай-ақ Geneva Business School-де (Швейцария) MBA бағдарламасын оқыған.

Еңбек жолын 2000 жылы «Интерфакс-Қазақстан» АА» ЖШС тілшісі болып бастаған. 2001 жылдан 2007 жылға дейін «Қазақтелеком» АҚ құрылымында басшылық лауазымдарда еңбек еткен. Әр жылдары коммерциялық құрылымдарда жұмыс істеді. 2014-2016 жылдары — «Қазмедиа орталығы» басқарушы компаниясы» ЖШС бас директорының орынбасары, бірінші орынбасары. 2016 жылы — ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінің директоры. 2016-2017 жылдары — «Қазақстан» телерадиокорпорациясы» АҚ басқарма төрағасы. 2019-2020 жылдары «Рухани жаңғыру» қазақстандық қоғамдық даму институты» КЕАҚ басқарма төрағасы қызметін атқарды.

Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың маусымынан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT