+7 (701) 759 90 19
USD 388.07 EUR 427.54
RUB 6.08 CNY 55.36
Jańalyqtar

13 шілде. Туған күн иелері

2019 жылғы 13 шілде 08:08
Бөлісіңіз:
13 шілде. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат 10 шілдеге арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


null 43 жыл
бұрын (1976) Нұр-Сұлтан қаласы әділет департаментінің басшысы Алан Төлебайұлы ТЛЕНЧИЕВ дүниеге келген.

Алматы қаласында туған. Қазақ мемлекеттік университетін құқықтану мамандығымен бітірген.

Еңбек жолы: «Талан ЛТД» ЖШС заңгердің көмекшісі (1994 - 1996); «Казкоммерц - Зираат интернэшнл банк» - тағылымгер, заңгер (1996 - 1997); Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының сот жасауылы (1998); аудандық прокурордың көмекшісі, прокурор, Алматы қаласы прокуратурасының бөлім аға прокуроры (1998-2002); ҚР Бас прокуратурасының департамент бөлімінің прокуроры, аға прокуроры, бастығының міндетін атқарушысы, бастығы (2002-2010); Алматы қаласы прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау басқармасының бастығы (2010-2011); ҚР Бас прокуратурасының әлеуметтік-экономика саласының заңдылығын қадағалау департаментінің табиғат қорғау заңнамасының қолданылуын қадағалау бөлімінің басшысы (2011-2012); Астана қаласының «Алматы» ауданының прокуроры (2012-2017); Шығыс Қазақстан облысы прокурорының орынбасары (2017-2018); Астана қаласы Әділет департаменті басшысының м.а. (2018).

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы маусымнан бері атқарып келеді.


38 жыл
(1981) бұрын Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ғабидолла Абдоллаұлы ОСПАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Шымкент облысында туған. 2002 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін, 2007 жылы Қазақстан-Ресей университетін Астана қаласында бітірген.

2015 жылы «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша Бирмингем университетінің (Ұлыбритания) магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын «Евразия Консалтинг» жеке компаниясында заңгер көмекшісі болып бастаған. Бұдан кейін ҚР Парламенті Сенаты депутатының көмекшісі; ҚР Парламенті Сенатының Әлеуметтік-мәдени даму комитетімен байланыстар бөлімінің бас кеңесшісі; ҚР Президенті Әкімшілігінінің Парламенттегі Президент өкілдігінің сектор меңгерушісі; Павлодар облысы Екібастұз қаласы әкімінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасары; Павлодар облысының білім беру саласында бақылау департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігінің Әкімшілік жұмыстар және жастар істері жөніндегі департаментінің директоры; ҚР Білім және ғылым министрлігі Жастар істері комитетінің төрағасы; ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің директоры болып қызмет атқарған.

2017 жылдан бері қазіргі қызметінде.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Нұрлан Тұяқов

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT