13 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 11 шілде күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

9.00-де Жоғарғы сотта Жақып Асановтың төрағалық етуімен 2018 жылдың алғашқы жартыжылдығындағы сот жұмысын қорытындылауға арналған кеңейтілген отырыс өтеді.

16.00-де Алау» мұз сарайының мәжіліс залында үстел теннисі фестиваліне арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

16:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің халыққа есеп беру қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтеді. Спикер: ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

17.00-де ҚР Ұлттық музейінде БҰҰ Халықтың қоныстануы саласындағы қоры (ЮНФПА), «АНА ҮЙІ» қоғамдық қоры, «ARTиШОК» театры, әнші Қалия және Үкімет пен қоғам өкілдері #ТаңдауҚұқығы кездесуіне жиналады. Кездесу ток-шоу форматында өткізіледі.

19:00-де MULTISPACE Коворкинкте (ASTANA MALL) ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Бектенов Республикалық жастар ұйымдарының өкілдерімен кездеседі.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы ауданының әкімдігінде Алматы қаласы Қоғамдық Кеңесінің Мәдениет, ішкі және жастар саясаты, спорт және дін мәселелері жөніндегі №5 комиссиясы Алматы қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының 2017 жылы және Алматы-2020 бағдарламасының мақсатты индикаторларына қол жеткізу туралы есебін тыңдайды.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының хатшысы Тамара Дүйсенова Алматы қаласына келеді. Сапар барысында Оқушылар сарайындағы «Балаларға арналған тегін IT-класстар» партиялық жобасын іске асыру аясында бағдарламалау негіздерін оқытатын IT-сыныпқа барады.

11.00-де Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен құрылған «Нұрлы жер» мемлекеттік тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында кезекте тұрғандарға жаңа пәтер кілтін тапсыру рәсімі өтеді.

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

10:00-де ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Сағынтаевтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары аясында жобалық басқару сұрақтары бойынша жиналыс өтеді. Жиналыс «Нұр Отан» партиясының АОФ ғимаратында болады.

Соңғы жаңалықтар