+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 468.66
RUB 5.79 CNY 58.80
Jańalyqtar

13 шілде күнгі ауа райы болжамы

2020 жылғы 13 шілде 00:44
Бөлісіңіз:
13 шілде күнгі ауа райы болжамы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 шілде күні Республиканың басым бөлігіне антициклон әсер етіп, жауын-шашынсыз, ыстық ауа райы күтіледі. Алайда, елдің солтүстік және солтүстік-шығысында найзағай ойнап, өткінші жаңбыр болады, желдің күшеюі күтіледі. Оңтүстікте және батыста - шаңды дауыл, шығыста бұршақ жаууы ықтимал, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Жаңбыр, жел және бұршақ: 14 тамызға арналған ауа райы болжамы Оралда қатты желден теректер құлап, автокөліктерді басып қалды Қазгидромет: 13 тамыз күнгі ауа райы болжамы

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді, күндіз бұршақ жаууы ықтимал.

Түнде Павлодар, Қарағаңды, Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай күтіледі. Павлодар облысында желдің екпіні 15-20 м/с артады.

Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл тұрады. 15-20 м/с жылдамдықтағы жел 25 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Маңғыстау, күндіз Атырау облыстарының кей жерлерінде шаңды дауыл күтіледі, 15-20 м/с жел тұрады. Түркістан облысында күндіз желдің екпіні 25 м/с жетеді.

Күндіз Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Қызылорда, Маңғыстау облыстарында, Ақмола облысының кей жерлерінде, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының оңтүстігінде қатты ыстық, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында қатты ыстық, оңтүстігінде өте қатты ыстық күтіледі.

Атырау облысында, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының оңтүстігінде жоғары өрт қаупі сақталады.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT