USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

13 сәуірде оңтүстік өңірлерде күн суытып, жаңбыр жауады

2017 жылғы 13 сәуір 01:00
Бөлісіңіз:
13 сәуірде оңтүстік өңірлерде күн суытып, жаңбыр жауады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашын (көбінесе жаңбыр), оңтүстік және оңтүстік-шығысының кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, деп хабарлайды Қазгидромет.

Республиканың оңтүстігінде найзағай жарқылдап, бұршақ жаууы мүмкін. Кей жерлерінде жел күшейіп, тұман түседі.

Жамбыл облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 23 м/с күшейеді, кей уақытта 30 м/с болады.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20, екпіні 25 м/с жетеді.

Қызылорда облысының кей жерлерінде тұман күтіліп, түнде жел 15-20 м/с күшейеді.

Маңғыстау облысының кей жерлерінде тұман түсуі ықтимал, күндіз шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді. Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман болып, күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстарында, түнде Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түсуі мүмкін.

Шығыс Қазақстан облысында жел 15-20 м/с күшейеді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT