13 маусым күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 13 маусым күні Қазақстанда болатын маңызды шараларға шолу жасайды.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да Астана Мэрриотт қонақ үйінде «Мемлекеттік сектордағы құндылықтар, сенім және технологиялар» тақырыбында жыл сайынғы Астана хаб конференциясы өтеді.

11.00-де Үкімет үйінде ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінің төрағасы Людмила Бюрабекованың қатысуымен дәрі-дәрмектердің сатылу мәселелері туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

12:20-да Орталық коммуникациялар қызметінде Түркістан облысының құрылғанына бір жыл толуына орай «Түркітілдес елдердің рухани астанасының дамуы және жаңа жобалар» тақырыбында баспасөз мәслихаты өтеді.

14.00-де «IBIS Hotel» қонақ үйінде 2019 Nur-Sultan ITU Triathlon World Cup атты триатлоннан Әлем кубогы кезеңіне арналған ресми баспасөз мәслихаты өтеді.

15.00-де Қазмедиа орталығында «Заңгерлер әділ сайлау үшін» қоғамдық бірлестігі «Сайлау-2019: Азамат және сайлау құқығы» атты дөңгелек үстел өткізеді.

15.00-де «Астана балет» театрында Медицина қызметкері күніне арналған салтанатты шара өтеді.

15:00-де Орталық коммуникациялар қызметінде 14-16 маусымда Нұр-Сұлтан қаласында өтетін 64-ші ABU спорттық конференциясына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де «Астана Опера» театрында «Жизель» балетінің премьерасы туралы баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

10.00-де Алматы облысының Үшқоңыр бөктеріндегі Nomad этноорталығында туризм мен БАҚ өкілдеріне арналған ақпараттық тур өтеді.

10.00-де ҚР Ғылым академиясында Орталық Азия балалар хирургтары қауымдастығының алғашқы съезі өтеді.

11.00-де К. Байсейітова-Құрманғазы көшелерінің қиылысында Денис Тенге арналған мемориал ашылады.

Соңғы жаңалықтар