13 мамырда Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 мамыр күні елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9.30-да «Avenue» бизнес орталығында Нұр-Сұлтан қаласы кәсіпкерлер палатасы «Жеке балабақшалар лицензиялауды енгізуге қарсылығы» жөнінде баспасөз мәслихатын өткізеді.

10.00-де Ritz Carlton қонақ үйінде «Мұнай-газ машина саласын дамытуға арналған халықаралық орталықтың» ұйымдастыруымен форум өтеді.

10.00-де «Құтқарушы» спорт кешенінде Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаменті қаланың мектеп оқушылары арасында «Жас құтқарушылар» жарысын өткізіледі.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Мемлекеттік сатып алу саласында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Сарқұлов, Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қызметі бастығының орынбасары Шамұрайт Шәменов, Алдын алу қызметі бастығының орынбасары Ғанижан Асанұлы. Көрсетілім сілтемелері: https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласының кәсіпкерлер палатасында Ирак Елекеевтің төрағалығымен Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі кеңестің кезекті отырысы өтеді.

15.00-де Нұр-Сұлтан қаласы филармониясының концерт залында жас ақындар айтысы өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласы мәслихатының заңдылық, құқық тәртібі және жұртшылықпен жұмыс мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясының отырысы өтеді.

16.00-де Нұр-Сұлтан қаласының Қуыршақ театрында «Алладиннің сиқырлы шамы» қойылымы көрсетіледі.

19.00-де Қ. Қуанышбаев атындағы мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық-драма театрында «Қызыл орамалды шынарым» лирикалық драмасы қойылады.

АЛМАТЫ

Сағат 16.00-де Ә.Қастеев атындағы Мемлекеттік өнер мұражайында «Сананы өзгерту өнері» атты көрменің ашылуы өтеді.


Соңғы жаңалықтар