13 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат халықаралық ақпарат агенттігі 13 қыркүйекте Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу ұсынады.

АСТАНА

10.00-де Мәжілісте «Нұр Отан» партиясы фракциясының жанындағы «Көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту» бағыты бойынша комиссия отырысы өтеді. Отырысқа депутат Г.А.Щегельский төрағалық етеді.

10.30-да Еуразия ұлттық университетінде «Миграция: жаңа үрдістер мен бағыттар» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтеді. Дөңгелек үстелге Конрад Аденауэр Қорының Өкілдігі қатысады.

11.00-де Сенатта Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің кеңейтілген отырысы өтеді.

14.00-де Сенатта мемлекеттік және мемлекеттік кепілдендірілген қарыз, квазимемлекеттік сектордың қарызы мәселелері бойынша ҚР Қаржы министрлігінің басшылығымен кездесу болады.

15.00-де Мәжілісте Қаржы және Ұлттық экономика министрліктері, сондай-ақ, Есеп комитеті 2019-2021 жылдарға арналған республикалық бюджетке қатысты екі Заң жобасын таныстырады.

15.00 Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі алаңында Ұлттық кәсіпкерлер палатасы және Агенттік арасында қабылданған Жол картасын жүзеге асырудың аралық қорытындыларын жасау бойынша кеңейтілген жиын өтеді.

15.50-де ҚР Қаржы министрлігінде «Тұрғын үйлерді заңсыз жалға беру» тақырыбында брифинг ұйымдастырылады.

АЛМАТЫ

09.00-да ҚР Ұлттық кітапханасында Астана қаласының 20 жылдығын тойлау аясында «Кітапхана - қоғамның көпфункциялы, көпдеңгейлі және әлеуметтік-мәдени институты ретінде» тақырыбында кітапханашылардың жалпықазақстандық съезі өтеді.

10.00-де Ш. Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтында танымал тарихшы, Институттың жетекші ғылыми қызметкері, т.ғ.к., профессор Дәулетхан Әлімғазының 75 жылдық мерейтойына арналған «Рухани жаңғыру және түркі әлемі тарихының мәселелері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы басталады.

10.00-де «Қазақстан» қонақүйінде ТМД мемлекеттерінің жастар форумы өтеді.

10.00-де Ықылас атындағы Ұлттық музыкалық аспаптар музейінде Алматы мен Ыстанбұл (Түркия), Вильнюс (Литва), Минск (Беларусь), Будапешт (Мажарстан), Александрия (Египет) қалаларындағы байланысты нығайту мақсатында «Әлемдік музыкалық аспаптар» халықаралық фестивалі өтеді.

20.00-де Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында 2019 жылғы баскетболдан әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде Қазақстан құрамасы Жапония құрамасына қарсы ойнайды.

АҚМОЛА ОБЛЫСЫ

15.00-де Ақмола облысының білім беру басқармасына қарасты Көкшетау жоғары колледжінде аймақтағы тұңғыш ІТ-орталық ашылады.

Соңғы жаңалықтар