13 қыркүйек. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 13 қыркүйекке арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1935-2001) жазушы, журналист Рамазан ТОҚТАРОВ дүниеге келген.

Павлодар қаласында туған. Алматы шет тілдер институтының француз тілі факультетін, Мәскеу әдебиет институтының жоғары курсын бітірген. Павлодар облыстық газетінде, «Лениншіл жас» (қазіргі «Жас алаш»), «Қазақ әдебиеті» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс» журналында, Қазақстан Жазушылар одағының проза секциясының кеңесшісі, «Жұлдыз» журналы редакторының орынбасары қызметтерін атқарған. «Ертіс перзенті», «Терістік шұғыласы», «Бақыт», «Ертіс мұхитқа құяды», «Тұлпардың сыны», «Жердің үлгісі», «Сусамыр», «Таңбалы жарғақтың құпиясы», «Абайдың жұмбағы» кітаптарының авторы. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері.

83 жыл бұрын (1938) биші, педагог, балетмейстер, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Болат Ғазизұлы АЮХАНОВ (Қуатов) дүниеге келді.

Семей қаласында туған. Алматы хореография училищесін А. Селезневтің класы бойынша, Санкт-Петербургтағы А. Ваганова атындағы би академиясын, ГИТИС-тің балетмейстерлік бөлімін бітірген. 1957-1959 жылдары Қазақ опера және балет театрының бишісі болған. 1967 жылы «Алматының жас балеті» ансамблін құрған. Сол жылдан бастап осы ансамбльде билер мен хореографиялық миниатюраларды, композицияларды («Аққу», «Айтыс», «Аңшылар биі», «Жайдарман»), бір, екі актылы балеттерді (М. Равельдің «Болеросы», В. Булгаровскийдің «Қазақ сувенирі», А. Исакованың «Гамлет», «Жарыс», «Батырлары», Т. Қажығалиевтің «Керуені», Н. Закировтың «Мәңгүрті», Бизе-Щедриннің «Кармен-сюитасы») сахнаға қойды. Сондай-ақ Е. Брусиловскийдің «Қыз Жібек» (Ш.Жиенқұловамен бірге), Д. Шостаковичтің 4-ші симфониясы бойынша «Қылмыс пен жаза», П.Чайковский мен М. Плетневтің «Евгений Онегин», Ф.Шопеннің «Шопениана», «Пахита» балеті негізінде қойылған гран па (жеке өзінің хореографиялық болжамдары) тәрізді жұмыстары қазақ балетінің ғана емес, дүние жүзілік балет тарихына енген жаңалықтар болды. 1997-1998 жылдары А. Мелоди-Кузьминнің музыкасына «Әлі ымырт емес», француз композиторларының әуендеріне «Эдит Пиаф – Францияның рухы», А.Бестібаевтың «Азия дауысы» балеттерін жұртшылық назарына ұсынды. Әсіресе, «Эдит Пиаф – француз рухы» спектаклі сыншылардың, мамандардың жоғары бағасына ие болды. Хореографиялық шешімі аса сәтті бұл спектакль ансамбльдің жоғары кәсіптік деңгейін көрсетті. «Алматының жас балетінің» шын мәнінде Мемлекеттік академиялық классикалық би ансамбліне айналып, репертуарының бай, шеберліктерінің жоғары болуында Аюхановтың үлесі ерекше. Оның қолтаңбасына ізденіс, музыкалық биік мәдениет, классикалық көркем би тәсілдерінің таусылмайтын қазынасын меңгеруге ұмтылыс, жаңалыққа құштарлық тән. Отыз жылдан астам Аюханов жетекшілік етіп келе жатқан ансамбль дүние жүзіне кеңінен танымал болып, хореографиялық өнерді игеруі жөнінен әлемдік балет ұжымдарының ең үздігі саналатын алғашқы ондығына енген. Оның «Менің балетім», «Сезімдер өмірбаяны» атты кітаптары бар. Еуропа мәдениетінің ХХ ғасырдағы 60 жарық жұлдызы туралы шығатын 25 кітаптың біреуі Аюхановтың өмірі мен өнеріне арналған (авторы – австралиялық өнер зерттеушісі Юри Рюнтю). Ол отандық балет әртістерін тәрбиелеп шығаруға да көп үлес қосты. Аюханов арнайы шақырумен Түркияда «Махаббат аңызы», Ташкентте «Алдар Көсе» балеттерін қойған. «Құрмет белгісі», «Еңбек Қызыл Ту» ордендерімен марапатталған.

74 жыл бұрын (1947) экономика ғылымдарының докторы, профессор, Халықаралық инженерия академиясының академигі Рахман Алшанұлы АЛШАНОВ дүниеге келді. Жамбыл облысы Мойынқұм ауданы, Бірлік аулында туған. Орта мектепті бітірген соң мектепте мұғалім болып істеп, сонан соң Шу қант заводында еңбек етті. Армия қатарында зенит-ракета әскери бөлімінде әскери борышын өтеді, армиядан кейін Көктерек рабкопында жұмыс жасады. 1974 жылы С. М. Киров атындағы ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің саяси экономика бөлімін бітіреді. 1973-1984 ж.ж. комсомол комитетінің хатшысы ҚазМУ-дың саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушы, доценті қызметтерін атқарады. 1986-1987 жылдары ҚазМУ-дың философия-экономика факультетінің деканы болды. 1988-1992 жылдары Республикалық мәдениет қызметкерлерінің біліктілігін арттыру институтының директоры, Қазақстан мәдениет қызметкерлерінің шығармашылық одағының президенті болып сайланды. 1992 жылы Республикадағы алғашқы жекеменшік «Тұран» университетін құрды. Кейін «Тұран» корпорациясына айналып, Р.Алшанов корпорация президенті болды. 2002 жылдан ҚР Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті. 1992 жылы Санкт-Петербург мемлекеттік университетінде докторлық диссетациясын қорғады. Ол 200-ден астам ғылыми және публицистикалық мақалалардың, бірнеше сараптамалық монографиялардың авторы.

57 жыл бұрын (1964) VII шақырылған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Аманғали Бисенбайұлы БЕРДАЛИН дүниеге келген.

Ақтөбе облысы Қарабұтақ ауданы Қарабұтақ селосында туған. 1989 жылы Саратов мемлекеттік зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша оқып, мал дәрігері біліктілігін және 2006 жылы Л.Б. Гончаров атындағы Қазақ автомобиль-жол университетін экономика мамандығы бойынша оқып, экономика бакалавры біліктілігі мен академиялық дәрежесін алған. 1981-1982 жылдары аралығында Қарабұтақ ауданының Т.Г. Шевченко атындағы кеңшарында құрылысшы болып бастаған. 1983-1985 жылдары Кеңес Армиясы қатарында әскери борышын өтеген. 1989-1990 жылдары Т. Шевченко атындағы кеңшардың аға мал дәрігері, 1990-1994 жылдары Т. Шевченко атындағы кеңшардың бас мал дәрігері, 1994-1999 жылдары «Қарабұтақ» ұжымдық кәсіпорнының төрағасы, 1999-2011 жылдары «Қарабұтақ» ЖШС директоры, 2011-2012 жылдары Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары, 2012-2016 жылдары Әйтеке би ауданының әкімі қызметін атқарған. 2016 жылдың қазанынан Ақтөбе облысы Хромтау ауданының әкімі болды.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтарынан.

«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тыңға 50 жыл», «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.

49 жыл бұрын (1972) Қазақстан Республикасының Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Арман Қайратұлы ИСАҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін; Сиди Мохаммед бин Абдулла университетін, Мароккодағы Фез; Араб Египет Республикасының Сыртқы істер министрлігі жанындағы Дипломатиялық институтын (1996) бітірген. Қызмет тәжірбиесі: Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің оқытушысы (1994-1995); Қазақстан Республикасы Ғылым академиясының Шығыстану институтының ғылыми қызметкері (1995-1999); Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Елшілігінің бірінші хатшысы (2000-2004); Сауд Арабиясы Корольдігіндегі Қазақстан Республикасы Елшілігінің кеңесшісі (2008-2011); Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат орталығының меңгерушісі (2010-2014 жж.); Қазақстан Республикасының Дубайдағы және Біріккен Араб Әмірліктеріндегі Бас консулы (2014-2017); Қазақстан Республикасының Египет Араб Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2017 жылдан бастап), Қазақстан Республикасының Алжир халықтық-демократиялық республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (02.2019 ж. бастап).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың қыркүйегінен бастап.

46 жыл бұрын (1975) Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесі басшысының орынбасары Асқар Серікжанұлы ЖӘКЕНОВ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Қарағанды мемлекеттік техникалық университетін; «Қайнар» университетін бітірген.

Еңбек жолы: заң кеңесшісі, «Каргормаш-ИТЭКС» АОЗТ-да сыртқы экономикалық байланыстар, кеден ісі және банк жөніндегі жетекші маман (1998-1999); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің жетекші маманы, бас маманы, бөлім бастығы (1999-2002); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқарма бастығының орынбасары (2002-2003); Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің басқарма бастығы (2003-2004); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2004-2012); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заңнама, қорғаныс және құқық тәртібі бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2012-2013); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің заң бөлімі меңгерушісінің орынбасары (2012-2013); Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі Кеңсесінің бақылау және құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі (2013-2019).

Атқарып отырған қызметінде – 2019 жылдың қазан айынан бастап.

«Құрмет» орденімен марапатталған (2019).

38 жыл бұрын (1983) Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Көмекшісінің хатшылық меңгерушісі Айдар Есенұлы Өтенов дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін бітірген, заңгер (2004); Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті, есеп және аудит бакалавры (2010).

Еңбек жолы: «Континент-строй» ЖШС заңгері, Астана қ. (2004-2005); «Азық-түлік келісім-шарт корпорациясы» АҚ компаниясының бас маманы, қызметін құқықтық қамтамасыз ету бөлімінің бастығы (2005-2007); ҚР ПІБ «Бүркіт «мемлекеттік авиакомпаниясы» РМК заң кеңесшісі, бас маманы, құқықтық қамтамасыз ету және мемлекеттік сатып алу бөлімінің бастығы (2007); ҚР ПІБ сарапшысы, заң бөлімінің бас сарапшысы, іс басқарушысының көмекшісі, бас инспектор, ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы 2007-2018 жж); ҚР ПІБ ұйымдастыру-бақылау және кадр жұмысы бөлімінің меңгерушісі (2018-2019); Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысының орынбасары (04.2019-10.2019).

Атқарып отырған қызметінде – 2019 жылдың қазан айынан бастап.

Соңғы жаңалықтар