13 қыркүйек күні Қазақстанда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 қыркүйек күні Қазақстан қалаларында өтетін маңызды шаралардың аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 9.00-де «Rixos President Astana» қонақүйінде «Ашық бюджеттер – тұрақты даму кепілі» атты конференция басталады.

Сағат 9.30-да «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасында ҚР Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов кәсіпкерлермен кездеседі.

Сағат 9.45-те ҚР ІІМ-де қоғамдық кеңес отырысы өтеді.

Сағат 11.00-де «Mega Silk Way» сауда, ойын-сауық орталығында «Шығыс базары. Жібек жолы: мәдени мұра» атты VII халықаралық тоқыма фестивалінің ашылуына орай баспасөз мәслихаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 08.30-да Қазақ медициналық үздіксіз білім беру университеті «Неонатология және педиатрия: дәлелді медицина ұстанымындағы инновациялар» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция жұмысын қорытындылайды.

Сағат 11.00-де ҚР Ұлттық кітапханасының Е. Тұрсынов атындағы залында Асанәлі Әшімовпен кездесу өтеді.

Сағат 11.00-де Алматы әкімдігінің баспасөз орталығында «Барыс» хоккей клубының Құрлықтық хоккей лигасының тұрақты чемпионатындағы матчтары бойынша брифинг өтеді.


Соңғы жаңалықтар