13 қыркүйек күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 13 қыркүйек күні атмосфералық фронталды бөліктердің өтуіне байланысты Қазақстанның солтүстігінде, солтүстік-батысында және оңтүстігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады. Екпінді жел соғады. Елдің қалған аумағында жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Республиканың батысы мен шығысында кей жерлерде тұман болжанады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Атап айтқанда, Алматы, күндіз Қызылорда, Қостанай облыстарының кей жерлерінде найзағай, желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі.

Ақтөбе, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде найзағай болжанады.

Түнде және таңертең Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында тұман болады.

Түнде Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.

Қызылорда облысының басым бөлігінде, Қарағанды, Түркістан облыстарының кей жерлерінде, Атырау облысының оңтүстігінде, Алматы облысының батысында төтенше өрт қаупі сақталады.

Соңғы жаңалықтар