+7 (701) 759 90 19
USD 429.75 EUR 507.45
RUB 5.61 CNY 63.93
Jańalyqtar

13 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2020 жылғы 13 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
13 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат оқырмандарына 2020 жылғы 13 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

Ұқсас жаңалықтар
28 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі 23 қазан. Туған күн иелері 23 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Қазақстанда Отбасы күні

2013 жылы 1 наурызда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасындағы кәсіптік және өзге де мерекелер» туралы Жарлыққа өзгеріс енгізіп, қыркүйектің екінші жексенбісін Отбасы күні деп белгіледі. Бұл күні еліміздің әр аймағында отбасы құндылықтарын насихаттауға арналған түрлі шаралар ұйымдастырылып, жергілікті атқарушы органдар тарапынан үлгілі отбасыларға сый-құрмет көрсетіледі.

Бүкіләлемдік тырналар күні

Жер бетінде тырналардың 15 түрі бар деп есептеледі. Олардың кейбір түрлері Қызыл кітапқа енгізілген. Бұл күн алғаш рет АҚШ-та 2002 жылы атап өтілді. Негізгі мақсат - тырналардың жоғалып бара жатқан түрлерін сақтау, оларды қорғауға алу.

Фашизм құрбандарын еске алу күні

Әлемнің көптеген елдері осы күнді қыркүйек айының екінші жексенбісінде атап өтеді. Бұл күннің таңдалу себебі Екінші дүниежүзілік соғыстың басталуы да, аяқталуы да осы қыркүйек айының алғашқы күндеріне дөп келеді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1930 жылы №4 әскери қойма негізінде Қазақстан Қарулы Күштерінің №44959 әскери бөлімі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және Ауғанстанға халықаралық көмек көрсету кезінде ол зауыттардан шыққан дайын өнімді сақтау, оқ-дәрілері бар пойыздарды майданға жіберу ісімен айналысты. Бүгінде Қазақстанда оқ-дәрілерді сақтайтын және оларды сынақтан өткізетін жалғыз мониторинг зертхана құрылды, зенитті-басқарылатын зымырандарды сынауға арналған шеберхана іске қосылды. Өткен жылдан бастап инженерлік және атуға арналған оқ-дәрілерді қайта өнеуде арналған құрылғы іске қосылды.

2007 жылы Астанада № 50 мектеп-лицейге аты аңызға айналған Райымбек батыр есімін беру рәсімі өтті. Райымбек батыр (1705–1785) – XVIII ғасырдағы ұлы қазақ батыры, Ұлы жүздің Албан руынан шыққан атақты Хангелді батырдың немересі. Жетісу жерін жоңғар басқыншыларынан азат еткен аңызға айналған эпикалық күрескер. Батырлығы үшін Абылай хан Райымбекті өз қолбасшыларының бірі етіп тағайындаған.

2012 жылы Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак қуаты 1320 МВт-тық Балқаш Жылу электр стансысының 1-ші модулінің құрылысын бастау рәсімінде болды.

2013 жылы ШЫҰ мемлекет басшылары Кеңесінің 13-отырысының жұмысы аяқталған соң Қазақстан, Қырғызстан, Ресей Федерациясы, Тәжікстан, Өзбекстан президенттері, сондай-ақ ҚХР Төрағасы Бішкек декларациясына қол қойды. Бұл құжатта ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ШЫҰ Хартиясының қағидаттары мен ережелері және Шанхай Ынтымақтастық Ұйымының басқа да құжаттары негізінде өзара іс-қимылға бейілділігі көрсетілген.

2016 жылы Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Ол – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Қазіргі күні Қоғамдық даму министрлігі болып атауы өзгертілді.

2016 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауылында қызметін атқару барысында қаза болған полиция капитандары Ахметқали Тезекпаев пен Фарид Какабаевтың ескерткіш қойылды. Качир АІІБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Ахметқалы Тезекбаев 1997 жылдың 1 тамызына қараған түні қайтыс болды. Ахметқали аудандық полиция бөліміне әкелуі керек болған күдіктілердің бірі кенеттен полиция қызметкеріне мылтық атып, салдарынан құқық қорғау органының қызметкері оқиға орнында жан тапсырды. Качир аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Фарид Какабаев 2008 жылдың 26 ​​шілдесінде қайтыс болды. Кезекті демалысында жүрген оған жаппай төбелес болып жатқандығы туралы туралы хабарлама түседі. Ол оқиға орнына жетіп, белсенді қатысушыларының бірінің ізіне түседі. Ал қылмыскер өрттен қашуға тырысып, полиция қызметкерінің басына бетон тақтайшаны лақтырған. Жарақат салдарынан полиция қызметкері көз жұмды.

2016 жылы Қазақстаннан келген визажистер командасы OMC Europe Cup – 2016 макияждан Еуропа чемпионатының алтын кубогын жеңіп алды. Әлемнің абсолютті чемпионы Виктория Станевич бастаған Қазақстан құрамасы Еуропада үздік атанды. Макияж академиясының оқытушылары Виктория Станевич, Марина Басова және Елена Ушакова бес жүлделі орынға ие болып, команданы турнирдің үздіктер қатарына шығарды.

2018 жылы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасына «Qazaqstan» латын графикасындағы «Қазақстан» сөзін жазу бөлігінде стандарттың бүкіл мәтіні бойынша өзгерістер енгізілді. Өзгерістерді жұмыс тобы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Жарлығына сәйкес әзірледі.

2019 жылы Түркия Республикасының астанасы Анкарадағы Анадолы өркениеттері музейінің көрме залында Қазақстан Республикасы Ұлттық музейінің «Ұлы дала: тарих және мәдениет» көрмесі ашылды.

Қазақстан Республикасының Ұлттық музейі «Алтын адамның әлем музейлеріне шеруі» халықаралық турын жариялады. Осы ауқымды жоба аясында көрме Беларусь, Ресей, Әзірбайжан, Қытай, Польша, Оңтүстік Корея, Татарстан, Өзбекстан және Солтүстік Македония музейлерінде үлкен табыспен өтті.

2019 жылы Байқоңыр қаласы әкімшілігі басшысының орынбасары Ирина Назарова Қазғарыш делегациясының қатысуымен «Байқоңыр қаласы және ғарыш айлағы» медалін «ҚазАқпарат» агенттігінің меншікті тілшісі Сара Нұрғалиеваға табыс етті. Медаль тілшінің қала мен Байқоңыр ғарыш айлағының жетістіктерін дәріптеудегі белсенді қызметі, Байқоңыр қаласының әкімшілігімен көпжылдық жемісті ынтымақтастығы үшін берілді.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT