+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.77 EUR 427.26
RUB 6.00 CNY 54.56
Jańalyqtar

13 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 13 қыркүйек 07:00
Бөлісіңіз:
13 қыркүйек. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР


1930 жылы №4 әскери қойма негізінде Қазақстан Қарулы Күштерінің №44959 әскери бөлімі құрылды. Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде және Ауғанстанға халықаралық көмек көрсету кезінде ол зауыттардан шыққан дайын өнімді сақтау, оқ-дәрілері бар пойыздарды майданға жіберу ісімен айналысты. Бүгінде Қазақстанда оқ-дәрілерді сақтайтын және оларды сынақтан өткізетін жалғыз мониторинг зертхана құрылды, зенитті-басқарылатын зымырандарды сынауға арналған шеберхана іске қосылды. Өткен жылдан бастап инженерлік және атуға арналған оқ-дәрілерді қайта өнеуде арналған құрылғы іске қосылды

2004 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау iсiн реформалау мен дамытуға арналған мемлекеттiк бағдарламасы туралы» Жарлыққа қол қойды.
Бағдарламаның мақсаты - мемлекет пен адам арасында денсаулық сақтау үшiн ынтымақтасқан жауапкершiлiк принциптерiне, халық денсаулығын жақсартуға бағытталған бастапқы медициналық-санитарлық көмектi басым дамытуға негiзделген медициналық көмек көрсетудiң тиiмдi жүйесiн құру. Бағдарламаның негізгі мiндеттерi - мемлекет пен адам арасында денсаулықты сақтау үшiн жауапкершiлiктi бөлiсу; негiзгi екпiндi бастапқы медициналық-санитарлық көмекке нақты көшiре отырып, медициналық көмек көрсетудi ұйымдастырудың халықаралық принциптерiне көшу; денсаулық сақтауды басқарудың жаңа моделiн және саланың бiрыңғай ақпараттық жүйесiн құру; ана мен бала денсаулығын нығайту, медициналық-демографиялық ахуалды жақсарту; әлеуметтiк жағынан елеулi аурулардың деңгейiн жыл сайын төмендету; медициналық бiлiм берудi реформалау.

2012 жылы Корея Республикасының Президентінің Қазақстанға ресми сапары аясында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Ли Мен Бак қуаты 1320 МВт-тық Балқаш Жылу электр стансысының 1-ші модулінің құрылысын бастау рәсімінде болды.

2016 жылы Қазақстанда Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі құрылды. Ол – діни бірлестіктермен өзара іс-қимыл, діни сенім бостандығына азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету, сондай-ақ мемлекет пен азаматтық сектордың өзара іс-қимылын жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы. Қазіргі күні Қоғамдық даму министрлігі болып атауы өзгертілді.

2016 жылы Павлодар облысы Тереңкөл ауылында қызметін атқару барысында қаза болған полиция капитандары Ахметқалы Тезекпаев пен Фарид Какабаевтың ескерткіш қойылды.

Качир АІІБ бастығының орынбасары, полиция капитаны Ахметқалы Тезекбаев 1997 жылдың 1 тамызына қараған түні қайтыс болды. Ахметқалы аудандық полиция бөліміне әкелуі керек болған күдіктілердің бірі кенеттен полиция қызметкеріне мылтық атып, салдарынан құқық қорғау органының қызметкері оқиға орнында жан тапсырды. Качир аудандық полиция бөлімінің учаскелік инспекторы, полиция капитаны Фарид Какабаев 2008 жылдың 26 ​​шілдесінде қайтыс болды. Кезекті демалысында жүрген оған жаппай төбелес болып жатқандығы туралы туралы хабарлама түседі. Ол оқиға орнына жетіп, белсенді қатысушыларының бірінің ізіне түседі. Ал қылмыскер өрттен қашуға тырысып, полиция қызметкерінің басына бетон тақтайшаны лақтырған. Жарақат салдарынан полиция қызметкері көз жұмды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT