13 қазан. Туған күн иелері.

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 қазан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.



ЕСІМДЕР

103 жыл бұрын (1915-1994) режиссер, педагог, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Асқар (Әлиасқар) ТОҚПАНОВ дүниеге келді.

Алматы обылысының Іле ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті), Мемлекеттік театр өнері институтын бітірген.
1939-1944 жылдары және 1948-1951 жылдары Қазақ драма театрында қоюшы режиссер болып, М.Әуезов пен Л.Соболевтің «Абай», Ш.Хұсайыновтың «Марабай», Әуезовтің «Сын сағатта» мен «Еңлік-Кебек», С.Мұқановтың «Жеңіс жыры», Ғ.Мұстафиннің «Миллионер», А.П.Штейннің «Намыс соты», Д.Гоу мен А.Д.Юссоның «Терең тамырлар» спектакльдерін сахнаға шығарды. Бұдан кейін Балалар мен жасөспірімдер театрының, сондай-ақ Қарағанды, Гурьев (Атырау), Жамбыл облыстық драма театрларының көркемдік жағын басқарып, спектакльдер қойды. Ол спектакльдерді қоюмен бірге, өзі де кейбір басты рөлдерді ойнап, сахна өнерінің өзекті мәселелері туралы зерттеу-мақалалар және пьесалар жазды. Сонымен қатар Г.Ибсеннің, А.Островскийдің, А.Чеховтың, А.Ф.Софроновтың, М.Горькийдің туындыларын аударды. Педагогикалық қызметпен де шұғылданып, 1939-1944 жылдары Алматыдағы театр училищесінде және Өнер институтында (қазіргі Алматы театр көркемсурет институты) дәріс беріп, 1955-1963 жылдары кафедра меңгерушісі, 1975 жылдан профессоры болды.
Еңбек Қызыл Ту, «Халықтар достығы», «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

80 жыл бұрын (1938-1996) композитор, Қазақстанның халық әртісі, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Әсет Көпбайұлы БЕЙСЕУОВ  дүниеге келді.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы консерваториясын бітірген. 1961-1968 жылдары Текелі қаласындағы музыка мектебінің мұғалімі, мәдениет үйінің қызметкері, Есік қаласындағы музыка мектебінің мұғалімі, Ұзынағаш мәдениет үйінің көркемдік жетекшісі болған. 1969-1980 жылдары «Гүлдер» ансамблінде, Қуыршақ театрында қызмет істеген. Ол қазақ эстрадалық музыкасының дамуына зор үлес қосты. Композитордың «Алмалы Алматым», «Гүлдер», «Көктем шақырады», «Мұңайма», «Алтыным», «Маралдым», «Сандуғаш», «Сырласу вальсі», «Жұлдызым», «Армандастар», «Жайықтан қайтқан тырналар», т.б. туындылары қазақ ән өнерінің алтын қорына енді. Сондай-ақ, бірнеше спектакльдерге (Ш.Құмарованың «Кімнің тойына», С.Балғабаевтың «Қыз жиырмаға келгенде», Ә.Тауасаровтың «Аса құрметті Икс»), кинофильмдерге («Көртышқан мен қоян»), телефильмдерге («Құрбақа мен Еңлікгүл», «Алдар Көсе», «Жаздың соңғы күні») музыка жазды. «Гүлдер», «Көктем шақырады», «Армандастар» атты ән жинақтары жарық көрді.

55 жыл бұрын  (1963) ҚР Премьер-Министрі Бақытжан Әбдірұлы  САҒЫНТАЕВ  дүниеге келді.
Жамбыл облысының Үшарал ауылында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің философия-экономика факультетін бітірген. 1985 жылдан - Алматы халық шаруашылығы институтының саяси экономия кафедрасының меңгерушісі. 1988 жылдан С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің әлеуметтану кафедрасында ассистент, аға оқытушы, доцент. 1992 жылдан коммерциялық құрылымдарда басшылық жұмыстарда болды. 1998 жылдан - Жамбыл облысы әкімінің орынбасары. 1999 жылдан - ҚР шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының орынбасары. 2000 жылдан - «Шағын кәсіпкерлікті дамыту қоры» ЖАҚ басқарма төрағасы. 2001 жылдан ҚР табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті қорғау және шағын бизнесті қолдау агенттігі төрағасының бірінші орынбасары. 2004 жылдан - ҚР табиғи монополияларды реттеу агенттігінің төрағасы. 2007 жылдан - ҚР Премьер-министрі Кеңсесінің басшысы. 2008 жылдан - Павлодар облысының әкімі. 2012 жылғы қаңтардан қыркүйекке дейін - ҚР Экономикалық даму және сауда министрі. 2012-2013 жылдары - «Нұр Отан» ХДП төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған. 2013-2016 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары қызметін атқарды. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы қыркүйектен бері. 
«Құрмет» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Қазақстан Парламентiне 10 жыл» (2006), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған. 

49 жыл
 бұрын (1969) ҚР Ұлттық Олимпиада комитетінің бас хатшысы Данияр Рүстэмұлы  ӘБІЛҒАЗИН дүниеге келді.

Алматы қаласында туған.Ф.Дзержинский атындағы КСРО МҚК жоғарғы мектебін "радиобайланыстың әскери инженері" мамандығы бойынша (1991 ж.), Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетін "экономист-инженер" мамандығы бойынша тәмамдады.

1992-1994 жылдары - "ФМС ЛТД" компаниясы бас директорының орынбасары. 1994-1995 жылдары - "1-ші Қазақстандық ерікті зейнетақы қоры" АҚ басқарма төрағасы. 1995-1996 жылдары - ҚР қаржы министрлігі мемлекеттік құнды қағаздар және қаржы нарығы басқармасының бас экономисі, мемлекеттік құнды қағаздар басқармасының бастығы.1996-1997 жылдары - ҚР қаржы министрлігі қазынашылықтың мемлекеттік қарыз және кассалық қаржы басқарамасының бастығы, Қазынашылық бастығының орынбасары, қазынашылық департаменті директорының орынбасары. 1997-1998 жылдары - ҚР қаржы министрлігі бюджет департаментінің директоры. 1998-1999 жылдары - ҚР қаржы министрінің орынбасары.1999-2000 жылдары - ҚР қаржы министрінің орынбасары, жекешелендіру және мемлекеттік мүлік комитетінің төрағасы. 2000-2001 жылдары - «Қазақойл» ҰМК аппарат жетекшісі, вице-президенті.2001-2002 жылдары - «Қазақойл» ҰМК вице-президенті.2002-2004 жылдары - «Каспий өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС бас директорының орынбасары.2004-2006 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ бірлескен кәсіпорындардағы үлестерді басқару жөніндегі басқарушы директоры. 2006-2007 жылдары - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ экономика және қаржы жөніндегі басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ президентінің кеңесшісі. 2007 жылдан - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ корпоративтік даму жөніндегі басқарушы директоры. 2008 жылдан - «Каспий өнеркәсіп-қаржы тобы» ЖШС бас директоры. 2008-2010 жылдары - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. 2010-2012 жылдары - «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» АҚ басқарушы директоры, «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ, «KEGOC» АҚ, «Самұрық-Энерго» АҚ, «ҚазАтомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ директорлар кеңесінің мүшесі. «Тау-Кен Самұрық» АҚ және «ҚазГеология» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы. 2013-2014 жылдары - «Қазақстанның Халық банкі» АҚ Астана және Мәскеу қалаларындағы бас өкілі. 2012 жылдан бастап - Қазақстандағы энергетикалық секторлар мен мұнай-газ кәсіпорындарын біріктіруші «KAZENERGY» қауымдастығы төрағасының кеңесшісі. 2012 жылдан бастап - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы президиумының мүшесі. 2013 жылдан бастап - «Атамекен» ҚР ҰКП Президиумы жанындағы мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрғасы. «Нарыққа сараптама және мониторинг орталығы» ЖШС және «Инвестициялардың рентабельдігін зерттеу агенттігі» ЖШС бақылау кеңесінің төрағасы. 2009 - 2012 жылдары - Қазақстандық бокс федерациясының атқарушы директоры, 2012 жылдан бастап - жалпы сұрақтар жөніндегі вице-президенті. 2014 жылғы наурызынан бастап - Грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының вице-президенті. 2015 жылғы ақпанынан бастап - Спорттық жекпе-жек және күш қолданылатын спорт түрлері конфедерациясының бас директоры. 2015 жылғы қыркүйегінен бастап - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олимпиада комитетінің Бас хатшысы. «Парасат» (2015), «Құрмет» (2010), «Қазақстан Республикасының тәуелсiздiгiне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Астана» медальдарымен, «Өзен мұнай кен орнына 40 жыл», «Мақат мұнай кен орнына 90 жыл» белгілерімен, ҚР мұнай және газ министрлігінің құрмет қағазымен марапатталған.

44 жыл бұрын (1974) Қаржы министрлігі Ішкі мемлекеттік аудит комитетінің төрағасы Азамат Қуатұлы АХМЕТОВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. Экономикалық және заңгерлік мамандығы бойынша, 1996 жылы Қазақ Еңбек Қызыл Ту ордені ауылшаруашылық институтын «экономика және басқару» АӨК салаларында және 1999 жылы Д.А. Қонаев атындағы Гуманитарлық заң факультеті университетінде білім алған. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті, Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік Комитеті, кеден органдарында және көлік бақылау саласында қызмет еткен. 2007 жылдың ақпан айынан бастап Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің жүйесінде қызмет атқарады.

2017 жылдың тамыз-қараша - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті төрағасының орынбасары. 2017 жылдың қараша айынан 2018 жылдың маусымы аралығында ҚР Қаржы министрлігі қазынашылық Комитеті төрағасы болды. Қазіргі қызметінде 2018 жылғы маусымнан.

«Құрмет» орденімен, сондай-ақ «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» және «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» мерейтойлық медальдарымен, Қарағанды облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталған.

43 жыл бұрын (1975) «Atameken Business Channel» Бақылау кеңесінің төрағасы Қанат Ақылбайұлы  САХАРИЯНОВ  дүниеге келді.

1997 жылы Қазақ мемлекеттік медициналық университетін, 2001 жылы Қазақ ұлттық заң академиясын, 2008 жылы France және Халықаралық бизнес академиясын, IE MBA - Executive Master of Business Administration, HEC бірлескен бағдарламасы, 2015 жылы International Executive MBA, Іскерлік әкімшілік басқару шебері, Ресей Федерациясы Президентінің жанындағы мемлекеттік қызмет, Халықаралық бизнес академиясын бітірген. Іскерлік әкімшілікті басқару докторы

Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары кеңесші-заңгер, «Хабар» Агенттігі» АҚ, заң  бөлімінің басшысы. 2006-2012 жылдары - «Хабар» Агенттігі» Басқармасының мүшесі, Басқарма төрағасының бірінші орынбасары. 2012 жылдан - «Қазмедиа орталығы» компаниясы басқармасының бас директоры.

2014-2016 жылдары «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ бас директоры. 2016-2017 жылдары - «Хабар» Агенттігі» Басқарма төрағасының орынбасары. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың ақпан айынан. 

42 жыл 
бұрын (1976) Қызылорда қаласының әкімі Нұрлыбек Машбекұлы НӘЛІБАЕВ дүниеге келді.
Қызылорда облысында туған. Қазақ мемлекеттік аграрлық университетін, Қазақ гуманитарлық заң университетін бітірген.
1997-1998 жылдары - «Қазақойл-коммерция» ЖШС сарапшысы, «Бұлақ» ЖШС директорының орынбасары. 1999-2002 жылдары - «СтандартОйлБейс» ЖШС директоры, «СтандартОйлТрейдинг» ЖШС директоры, «СтандартГаз» директорының орынбасары. 2002 жылы - «Шымкенторгсинтез» АҚ Қызылорда филиалының директоры. 2002-2004 жылдары - «Қызылорда МұнайСервис» ЖШС бас директоры, «ПетроҚазақстан» Сауда үйі» директоры. 2005-2007 жылдары - Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары. 2007-2008 жылдары - Қызылорда облысы әкімі аппаратының жетекшісі. 2008-2013 жылдары - Қызылорда облысы Шиелі ауданының әкімі. Қазіргі қызметінде - 2013 жылғы ақпаннан бері.
«Құрмет» (2011) орденімен марапатталған.

40 жыл 
бұрын  (1978) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Нұржан Бауыржанұлы  ӘЛТАЕВ дүниеге келген.

Оңтүстік Қазақстан облысында туған. «Қайнар» университетін (1999); М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін, заңгер; Академиялық инновация университетін (2012) бітірген.

Еңбек жолы: Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің студенттер мәселелері жөніндегі проректоры, «Заңгер» жас заңгерлер клубының президенті, Оңтүстік Қазақстан жоғары оқу орындарының және арнаулы оқу орындарының «Отан» партиясы жастар қанатының көшбасшысы, «Құқықтық Қазақстан үшін» РМҚ Оңтүстік Қазақстан бойынша жастар қанатының басшысы (2003-2004); Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ескірті бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитетінде жедел қызметкер, бөлім бастығы (2007); «Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамында менеджер, бас менеджер, құқықтық қамтамасыз ету департаментінің директоры, басқарма мүшесі (2007-2010); Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының бастығы (2010-2011); «Максимум» Өңірлік инвестициялық орталығы» бас директорының орынбасары (2011-2012); «ОҚО Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы» ЖШС директоры (2012-2013); Оңтүстік Қазақстан облыстық кәсіпкерлер палатасының директоры (2013-2014). 2014-2017 жылдары - «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының орынбасары. 2017-2018 жылдары - ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі.

Қазіргі лауазымын 2018 жылғы қаңтардан бері атқарып келеді.

«Тәуелсіздікке 20 жыл» (2011), «Құқықтық тәртіпті қамтамасыз етудегі үздік қызметі үшін» (2007) медальдарымен марапатталған.

137 жыл бұрын (1881-1967) француз физигі, физика ғылымының докторы КОТТОН Эжени дүниеге келді.

131 жыл 
бұрын  (1887-1947) Бірінші Словак Республикасының президенті, теолог Йозеф ТИСО дүниеге келді.

97 жыл 
бұрын  (1921-1991) француз актері МОНТАН Ив (шын аты-жөні Иво Ливи) дүниеге келді.

93 жыл бұрын (1925-2013) Ұлыбританияның 1979-1990 жылдардағы премьер-министрі Маргарет ТЭТЧЕР дүниеге келді.

Соңғы жаңалықтар