+7 (701) 759 90 19
USD 389.81 EUR 430.27
RUB 6.06 CNY 54.91
Jańalyqtar

13 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 13 қазан 07:00
Бөлісіңіз:
13 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік тромбозға қарсы күрес күні

2014 жылы Халықаралық тромбоз және гемостаз проблемалары қоғамының бастамасымен бекітілген. Бұл күнді атап өтудің негізгі мақсаты – ол туралы, аурудың себеп-салдары, алдын алу, емдеу жолдары туралы ақпарат тарату.

Неміс ғалымы, тромбоз патофизиологі, Рудольф Вирхов дүниеге келген күн – 13 қазан күні аталып өтеді.

Үйдегі кино күні

Мереке 2003 жылы пайда болған, оны Үйдегі кино орталығы бекіткен. 2003-2007 жылдары осы күн тамыз айының екінші сенбісінде тойланған, 2008 жылы қазіргі датаға ауыстырылған. Осы мерекені атап өтудегі мақсат – отбасының ескі видеоларын тамашалаумен қатар адамдарды өз өміріндегі ерекше сәттерді есте сақтауға баулу.

Табиғи апаттар қауіптілігін азайтудың халықаралық күні

Алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылдың 22 желтоқсанындағы қарарына сәйкес Табиғи апаттар қауіптілігін азайту жөніндегі халықаралық күн ретінде мерекеленді.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1929 жылы Солтүстік Қазақстан радиохабары алғаш рет эфирге шықты. Бүгінде облыстық радио бағдарламасын өңірдің барлық аудандары, сонымен қатар көрші Ресей облыстарының шекарадағы аудандары қабылдай алады.

1950 жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің шешімімен Қостанай облысы Амангелді ауданы құрамында Арқалық жұмыс кенті пайда болды.

1956 жылы 27 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен ресми түрде жұмыс кенті статусына ие болды. 1965 жылы 30 маусымда Арқалық қала дәрежесіне ие болды. Бүгінгі аумағы - 1558 мың га. 1970 жылы Торғай облысының орталығы болды.

1995 жылы Қазақстанда Диабет қауымдастығы құрылды. Ол 1996 жылы 176 ел біріккен Халықаралық диабет федерациясының құрамына кірді.

1999 жылы ҚР Энергетика, индустрия және сауда министрлігінің Атом энергетикасы комитеті құрылды. Негізгі міндеттері – ато энергиясын пайдалану саласындағы мемлекеттік реттеу, Қазақстан Республикасының аумағында ядролық және радиациялық қауіпсіздікті қадағалау, атом энергиясын пайдалану нысандарындағы апатқа қарсы жоспарлауды бақылау, ядро материалдары мен қондырғыларын физикалық қорғауды қадағалау.

2010 жылы Аустралияның Канберра қаласында өткен Монета сарайлары директорларының 26-шы Конференциясында Қазақстанның «Барыс» монетасы «Ең әдемі монета» және «Технологиялық жағынан ең сәтті орындалған монета» аталымдарын жеңіп алды.

Монета 925 сынамалы күмістен соғылған, диаметрі – 38,61 мм, әрбірі бір миллиметр диаметрге ие екі бриллиант орнатылған.

2015 жылы Таразда республикалық маңызы бар «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылды.

2011 жылы Тараз Орталық базары басқа жерге көшіріліп, оның орнында көне Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстары басталған. Жұмыстарды жергілікті бюджет қаржыландырды.

Археологтар VI-XII ғасырларға жатқызылатын шамамен 40 мың артефакт, ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, заратустрашылдықтардың мехрабы, Талас өзені көне аңғарының жағалауын, тұрғын құрылыстарының іргетастарын анықтаған.

Қазақ хандығының 550 жылдығы салтанаттарының ең ірі нысаны болып табылатын кешен құрылысының жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. «Көне Тараз» саябағы аумағының 20 гектарында кіреберіс аркасы, бақылау мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холдың жанындағы этномәдени орталық, этнографиялық мұражай, «Тараз саздары» стеласы, сондай-ақ «Мыңбұлақ» саябағы орналасқан.

2016 жылы «Астана қаласының бірқатар көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» тақырыпта өткен қоғамдық тыңдау барысында елорданың Ономастика комиссиясына Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп өзгерту туралы ұсыныс келіп түсті.

Бұған даңғылдың бойында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының орналасуы себепші болып отыр. Көше атауын өзгерту туралы ұсыныс қаланың зиялы қауым өкілдерінен келіп түскен. Жалпы алғанда қаланың ономастика комиссиясына 77 өтінім келіп түскен, оның 20-сы бойынша ұсыныстар ескеріліп, қалғандары кері қайтарылған.

2016 жылы Мысыр Араб Республикасының астанасында қазақтың ұлы ақыны, ағартушы Абайға қойылған ескерткіш салтанатты түрде ашылды. Бюст Каирдің ең сұлу саябақтарының бірі – «Азаттық және достық» саябағына орнатылды. Оны мысырлық меценат, Қазақстан-Мысыр достық қауымдастығының мүшесі доктор Хусейн әл-Шафия қаржыландырды. Авторы – Мысырдың белгілі мүсіншісі Усама әл-Серуи.

2017 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен The Business Year (TBY) халықаралық баспасы және зерттеу компаниясы жалпы қызметті ұйымдастыру, контент алмасу, біріккен жобалар әзірлеп, бірлескен шараларды ұйымдастыру жөнінде келісім жасасты.

«The Business Year» - ұлттық экономикадағы жылдық экономикалық ресурстар баспасы және алдыңғы қатарлы зерттеу фирмаларының бірі. 35 елде өкілдігі бар.

2018 жылы қазақстандық спортшы Диас Бахраддин жасөспірімдер арасындағы 2018 жылғы Олимпиадада каноэнің дара жарысында алтын медаль еншіледі. Тартысты бәсекеде Диас топ жарып, 1:54:66 нәтижесімен мәреге бірінші жетті.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT