13 қазан. ҚазАқпарат күнтізбесі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы 13 қазанға арналған күнтізбесін ұсынады.

null

13 қазан. СЕНБІ

Табиғи апаттар қауіптілігін азайтудың халықаралық күні

Алғаш рет БҰҰ Бас Ассамблеясының 1989 жылдың 22 желтоқсанындағы қарарына сәйкес Табиғи апаттар қауіптілігін азайту жөніндегі халықаралық күн ретінде мерекеленді.

Әзербайжан теміржол қызметкерлері күні

Ел президенті бекіткен. 2005 жылдан бастап жыл сайын тойланатын болды.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1929 жылы Солтүстік Қазақстан радиохабары алғаш рет эфирге шықты. Бүгінде облыстық радио бағдарламасын өңірдің барлық аудандары, сонымен қатар көрші Ресей облыстарының шекарадағы аудандары қабылдай алады.

1950 жылы Қостанай облыстық атқару комитетінің шешімімен Қостанай облысы Амангелді ауданы құрамында Арқалық жұмыс кенті пайда болды.

1956 жылы 27 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы кеңесі президиумының жарлығымен ресми түрде жұмыс кенті статусына ие болды. 

1965 жылы 30 маусымда Арқалық қала дәрежесіне ие болды. Бүгінгі аумағы - 1558 мың га. 1970 жылы Торғай облысының орталығы болды. 

1995 жылы Қазақстанда Диабет қауымдастығы құрылды. Ол 1996 жылы 176 ел біріккен Халықаралық диабет федерациясының құрамына кірді.

1998 жылы Қазақстан Республикасы Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының жүйесін одан әрі реформалау туралы» Жарлығы шықты.

1999 жылы Президент Н.Назарбаев Сауд Арабиясының Өнеркәсіп және энергетика министрі Х.А.Яманиді қабылдады. Кездесу барысында тараптар екіжақты ынтымақтастықты одан әрі кеңейтудің келешегін қарастырды. Сауд министрі Қазақстан Президенті Н.Ә.Назарбаевқа Сауд Арабиясының патшасы Фахдтың екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастарды нығайтқаны үшін алғыс білдірген жеке жолдауын тапсырды.

2004 жылы Павлодарда «Ертістің ақын-жыраулары» кітабы жарық көрді. Кітапты қазақ және орыс тілінде С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана қызметкерлері шығарған.

2005 жылы 13-15 қазан күндері Астанада «Аңшылық - 2005» бірінші халықаралық көрмесі басталды. Көрмеге 30-ға жуық отандық және шетелдік компания өз өнімдерін шығарды.
2005 жылы Қазақстан Республикасының Статистика агенттігі «Қазақстанның демографиялық жинағы» статистикалық жинағын қазақ және орыс тілдерінде жарыққа шығарды. Жинақ 2 бөлімнен тұрады, оның бірінші бөлімі республика бойынша, ал екіншісі, өңірлердегі көрсеткіштерге арналып отыр. Сондай-ақ, бұл еңбекте халықтың әкімшілік-аумақтық бөлінісі, халықтың жалпы санының және жыныс-жас құрамының өзгерісі, оның Қазақстан аумағында орналасуы, туу мен өлім, некелесу мен ажырасу, көші-қон туралы статистикалық деректер берілген.

2005 жылы Шығыс Қазақстан облысының Серебрянск қаласында құрғақ құрылыс қоспаларын өндіретін зауыт іске қосылды.

2009 жылы ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Алматыға барған жұмыс сапары аясында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің химиялық факультетінің жаңа корпусын ашты. 

2010 жылы Халықаралық шаңғы спорты қауымдастығының өткізетін жыл сайынғы сауалнама қорытындысы бойынша Құрлық кубогын қабылдаған жаңа қазақстандық шаңғы трамплиндер кешені әлемдегі ең үздік трамплин аталды. Жаңа спорт кешені Алматының ең әсем жерлерінің бірі - «Есентай» өзенінен батысқа қарай, әл-Фараби даңғылының солтүстік бөлігінде орналасқан. Нысан екі трамплин, 5500 көрерменге арналған отыратын орындары бар заманауи ғимарат және кешеннің батыс баурайындағы 400 тұратын орынға арналған террасадан құрылған.

2011 жылы Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Біріккен Араб Әмірліктерінің Президенті, Әбу-Даби әмірі, шейх Халифа ибн Зайд Әл-Нахайянмен кездесті. Кездесу кезінде екіжақты ынтымақтастықтың жағдайы мен оны дамыту болашағы талқыланды. Атап өткенде, әңгіме инвестицияларды тарту мен «Әбу Даби-Плаза» ірі бірлескен жобасын іске асыру туралы жүрді.  

2012 жылы Түркі Кеңесінің Ыстанбұл қаласында орналасқан Хатшылық ғимаратында Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев пен Түркия Республикасының Президенті Абдулла Гүлдің қатысуымен ту көтеру рәсімі өтті. Салтанатты рәсімде Қазақстан, Әзербайжан, Қырғызстан, Түркия Республикаларының Мемлекеттік Тулары және Түркі Кеңесінің туы көтерілді.

2013 жылы Малайзия Парламенті Сенатының Президенті Тан Сри Әбу Захар бин Дато Ника Ужанг бастаған депутаттар делегациясы алғаш рет Қазақстанға ресми сапармен келді.

Келіссөздер барысында Қазақстан мен Малайзия парламентаралық ынтымақтастығының өзекті мәселелері, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы өзара іс-қимылдар талқыланды.

2014 жылы Нью-Йоркте Қазақстан Республикасы мен Того Республикасының БҰҰ жанындағы тұрақты өкілдері Қайрат Әбдірахманов пен Коджо Менан екі мемлекет арасында дипломатиялық қатынастарды орнату жөніндегі бірлескен коммюникеге қол қойды.

2014 жылы Шымкент әкімі Дархан Сатыбалды түріктің Ескішахар қаласының губернаторы Гюнгер Әзім Тун бастаған делегациямен кездесті.

Оның барысында Ескішахар мен Шымкент қалаларының басшылығы бауырлас байланыстар туралы хаттамаға қол қойды. Ескішахар Шымкенттің тоғызыншы бауырлас қаласы атанды.

2014 жылы ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен Арменияның Мәдениет министрі Асмик Погосян қыпшақ-армян құжаттарын зерттеу саласындағы ынтымақтастық пен қазақстандық ғалымдардың Киелі Месроп Маштоц атындағы Көне қолжазбалар институтының мұрағатына кедергісіз қолжетімділігі туралы келісті.

2015 жылы Таразда республикалық маңызы бар «Көне Тараз» археологиялық саябағы ашылды.

2011 жылы Тараз Орталық базары басқа жерге көшіріліп, оның орнында көне Тараз қаласының археологиялық қазба жұмыстары басталған. Жұмыстарды жергілікті бюджет қаржыландырды.

Археологтар VI-XII ғасырларға жатқызылатын шамамен 40 мың артефакт, ортағасырлық қамал, VIII - IX ғасырлардағы мешіт, заратустрашылдықтардың мехрабы, Талас өзені көне аңғарының жағалауын, тұрғын құрылыстарының іргетастарын анықтаған.

Қазақ хандығының 550 жылдығы салтанаттарының ең ірі нысаны болып табылатын кешен құрылысының жалпы құны 2,5 млрд. теңгені құрайды. «Көне Тараз» саябағы аумағының 20 гектарында кіреберіс аркасы, бақылау мұнарасы, Достық үйі мен конгресс-холдың жанындағы этномәдени орталық, этнографиялық мұражай, «Тараз саздары» стеласы, сондай-ақ «Мыңбұлақ» саябағы орналасқан.

2015 жылы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар құжаттарға қол қойды. Олардың ішінде: «Еуразиялық экономикалық одақ шеңберінде медициналық бұйымдар (медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техника) айналысының бірыңғай қағидаттары мен қағидалары туралы келісім», «Қылмыстық жазаны шетелде өтеу туралы америкааралық конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, «Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Иран Ислам Республикасының Үкіметі арасындағы Жолаушылар мен жүктердің халықаралық автомобиль тасымалдары туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, тағы басқа құжаттар бар.

2015 жылы Самарада өткен Ресей қазақтарының кіші құрылтайында Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Талғат Мамашев Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Ресей қазақтарының федералдық ұлттық-мәдени автономиясының (Самара) президенті Тоқтарбай Дүйсенбаевты және Мәскеудегі «Мұрагер» қазақ мәдени қоғамының басшысы Ерназар Нұриевті «ҚР Конституциясына 20 жыл» мерейтойлық медалімен марапаттау туралы Жарлығын оқыды.

2016 жылы «Астана қаласының бірқатар көшелеріне атау беру және қайта атау туралы» тақырыпта өткен қоғамдық тыңдау барысында елорданың Ономастика комиссиясына Орынбор көшесін «Мәңгілік ел» деп өзгерту туралы ұсыныс келіп түсті. 

Бұған даңғылдың бойында «Мәңгілік ел» салтанат қақпасының орналасуы себепші болып отыр. Көше атауын өзгерту туралы ұсыныс қаланың зиялы қауым өкілдерінен келіп түскен.

Жалпы алғанда қаланың ономастика комиссиясына 77 өтінім келіп түскен,  оның 20-сы бойынша ұсыныстар ескеріліп, қалғандары кері қайтарылған.

2017 жылы «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі мен The Business Year (TBY) халықаралық баспасы және зерттеу компаниясы жалпы қызметті ұйымдастыру, контент алмасу, біріккен жобалар әзірлеп, бірлескен шараларды ұйымдастыру жөнінде келісім жасасты.

«The Business Year» - ұлттық экономикадағы жылдық экономикалық ресурстар баспасы және алдыңғы қатарлы зерттеу фирмаларының бірі. 35 елде өкілдігі бар.

2017 жылы Үндістанның Нью-Дели қаласында велотректен Азия Кубогы жарыстары өтті. Веложарыстардың қиын түрі саналатын омниум бәйгесінде скретч, темпо, элиминатор және ұпай жарыстары бойынша велосипед тепкен 20 жастағы қазақстандық спортшы Асылхан Тұрар жеңімпаз атанды.

2017 жылы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштері туралы ақпарат беретін Картаны іске қосты.

Әлеуметтік сақтандыру көрсеткіштерінің картасын» жасаудағы басты мақсат - халықты міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесінің негізгі көрсеткіштері жөнінде ақпараттандыру, жұмыс істейтін халықты қосымша әлеуметтік қолдау бойынша  өз құқықтары мен мүмкіндіктері туралы кеңінен түсіндіру.

1923 жылы Түркия астанасы Ыстанбұлдан Анкараға көшірілді.  

1963 жылы «Лондон Палладиумындағы жексенбілік кеш» бағдарламасында ұйымдастырылған «Битлз» тобының концертін Ұлыбританияда 15 миллион телекөрермен тамашалады. Битлздың аңызға айналған даңқты жолы басталды. «Битломания» деген ұғым да сол күннен бастап енген.

Соңғы жаңалықтар