13 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 13 қарашада Қазақстанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

10.30-да «Дискриминациядан қорғану құқығы» тақырыбында БҰҰ Комитеттерінің шемдерінің жол карталары авторлары мен сарапшылардың қатысуымен видеоконференция форматында брифинг өтеді.

11.00-де «Ауыл әйелдерінің ауылдағы өмір сапасын арттыру бағытындағы игі бастамалары және ТДМ-2030 жетістіктері» атты ауыл әйелдерінің III Республикалық форумы онлайн форматта өтеді.

12.30-да ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Мемлекет басшысының Жолдауы аясындағы өңірдің дамуы туралы баспасөз конференциясын өткізеді. https://www.youtube.com/user/ortcomkz

16.00-де ҚР Ұлттық музейінде «Көне түркі өркениеті» залының ашылуы өтеді.

16.00-де Баспа, радио және интернет-журналистика саласындағы «Үркер» ұлттық сыйлығының жеңімпаздарын марапаттау рәсімі өтеді.


АЛМАТЫ

11.00-де Қазақстан Баспасөз клубында #tazasailau тәуелсіз бақылаушылардың азаматтық қозғалысын құру туралы брифинг өтеді. Брифингте алдағы Мәжіліс пен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауын бақылау және ұйымдастыру мәселелері талқыланады.

12.00-де Алматы өңірлік коммуникациялар қызметінде екінші тоқсандағы оқу процесін ұйымдастыру туралы онлайн брифинг өтеді. Спикер – Алматы қаласы білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Жұманов.

16.00-де Алматы қаласы полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мониторингтік топтардың жұмысы мен биылғы 10 айдағы жұмыс қорытындылары туралы онлайн брифинг өткізеді.

20.00-де Қазақстандық репродуктивті медицина қауымдастығының XII Халықаралық конгресі өтеді. Конгресс Қазақстандағы қосалқы репродуктивтік технологиялардың 25 жылдығына және С. Д. Асфендияров атындағы қазақ ұлттық медицина университетінің 90 жылдығына арналған.


Соңғы жаңалықтар