13 қарашада Алматы орталығында жолдардың бір бөлігі жабылады

None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат- «City Run 2022» жарысының ұйымдастыру комитеті Алматы тұрғындары мен қонақтарына жарыс өтетін күні жолдардың ішінара жабылатыны туралы мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

13 қараша күні - «City Run 2022» жарысы өтетін уақытта, яғни, таңғы сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жарыс қашықтығы өтетін жерлерде жолдардағы қозғалыс ішінара жабылады. Жарыс сөресі «Астана» алаңында басталады. Төле би көшесінде Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 04:00-ден 11:00-ге дейін жабық болады. Төле би көшесінде Наурызбай батыр көшесінен Абылай хан даңғылына дейінгі қозғалыс сағат 07:45-тен 09:40-қа дейін жабық болады. Наурызбай батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен Шевченко көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:00-ден 09:30-ға дейін шектеледі. Шевченко көшесінің бойында Наурызбай батыр көшесінен Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:05-тен 09:20-ға дейін жабылады.

Панфилов көшесінің бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. Бөгенбай батыр көшесінің бойында Абылай хан даңғылынан Панфилов көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады. Абылай хан даңғылының бойында Төле би көшесінен Бөгенбай батыр көшесіне дейінгі қозғалыс сағат 08:15-тен 09:45-ке дейін жабық болады.

Айта кетейік, спорт әуесқойларына 2 қашықтық ұсынылып отыр — 10 км және 5 км скандинавиялық жүріс.


Соңғы жаңалықтар