+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

13 қараша. Туған күн иелері

2019 жылғы 13 қараша 08:08
Бөлісіңіз:
13 қараша. Туған күн иелері

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР


65 жыл бұрын (1954) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі Асқар Ермырзаұлы БАЗАРБАЕВ дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Еңбек жолын 1971 жылы Алматы кен емес материалдар комбинатында жұмысшы болып бастады. 1977 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды облысында жұмыс істеді. 1977-1980 жылдары Қарметкомбинаттың автоматтандыру және механикаландыру зертханасында инженер, бас инженер. 1980-1982 жылдары - Қарметкомбинат партия комитетінің нұсқаушысы. 1982-1983 жылдары - Қазақстан Компартиясы Теміртау қалалық комитеті өнеркәсiп-көлiк бөлiмiнiң нұсқаушысы. 1983-1988 жылдары - Қазақстан компартиясы Қарағанды облыстық комитеті өнеркәсiп бөлiмінің нұсқаушысы, меңгерушiсiнің орынбасары. 1988-1991 жылдары - Қазақстан компартиясы Теміртау қалалық комитетінің екiншi, содан кейін бiрiншi хатшысы. 1991-1996 жылдары - «Текстиль» Қазақстан-Швейцария бiрлескен кәсiпорны өкiлдiгінің директоры, Қарметкомбинаттың Алматы қаласындағы өкiлдiгі бас директорының орынбасары. 1996-1999 жылдары - «ХлебЛТД» ЖШС директорының орынбасары, «Базарстан» ЖШС президенті. 1999-2002 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі. 2002-2007 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2007-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2009-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.

2012-2016 жылдары - бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдарымен марапатталған.


62 жыл бұрын (1957) Қазақстан Теннис федерациясының вице-президенті Болат Жәмитұлы ӨТЕМҰРАТОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1981-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары - Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары - Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары - Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары - ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары - ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2008 жылдың 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылдың мамырынан 2013 жылдың наурызына дейін - ҚР Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2014 жылдың ақпанынан - «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының негізін қалаушы және қордың Қамқорлық кеңесінің мүшесі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың қазан айынан. «Құрмет», 2-дәрежелі «Достық» «ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев» медальдарымен марапатталған.


59 жыл бұрын (1960) Қазақстан Республикасының индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Сайлауұлы ҚАМАЛИЕВ дүниеге келді.

Қарағанды облысында туған. 1982 жылы «инженер-құрылысшы» мамандығы бойынша Қарағанды политехникалық институтын, 1993 жылы Қарағанды мемлекеттік университетін, 2005 жылы «экономист» мамандығы бойынша Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей мемлекеттік қызмет академиясын бітіреді.

Еңбек жолын 1983 жылы әскери бөлімнің құрылыс-монтаж аумағында прораб болып болып бастады.

2001-2004 жылдары – Қарағанды облыстық автомобиль жолдары басқармасының басшысы. 2004-2005 жылдары – ҚР Премьер-Министрінің кеңесшісі. 2005-2006 жылдары – ҚР Көлік және коммуникация министрлігі Көлік инфрақұрылымын дамыту комитетінің төрағасы. 2006 жылдың ақпан-мамыр айларында – Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2006 жылы Қарағанды облысы әкімінің бірінші орынбасары болды. 2009-2010 жылдары – «Сарыарқа» ӘКК басқарма төрағасы. 2010-2011 жылдары – ҚР индустрия және жаңа технология вице-министрі. 2011-2012 жылдары – ҚР көлік және коммуникация министрі. 2014-2015 жылдары «ҚазавтоЖол» ҰК» АҚ вице-президенті. 2015-2016 жылдары – «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ вице-президенті. 2016-2019 жылдары – ҚР инвестиция және даму вице-министрі.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың наурызынан.


46 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Нұргүл Өсербайқызы МӘУБЕРЛИНОВА дүниеге келді

Қарағанды облысында туған.

Саран педагогикалық училищесін (1992 ж), Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін (2000 ж) және Қарағанды экономикалық университетін (2006 ж) бітірген.

Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде бастады. Мәдениет, ақпарат министрлігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылғы қарашадан бастап 2016 жылға дейін ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары болды. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде – 2019 жылдың сәуірінен.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT