13 қараша. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 қараша күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

nullЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1957) Қазақстан Теннис федерациясының президентіБолат Жәмитұлы  ӨТЕМҰРАТОВ дүниеге келді.

Атырау қаласында туған. Алматы халық шаруашылығы институтын бітірген, экономист. 1981-1982 жылдары - Алматы халық шаруашылығы институтының оқытушысы, 1982-1983 жылдары - Алматы қалалық сауда басқармасының аға инспекторы. 1985-1986 жылдары Алматы қаласындағы «Юбилейный» гастрономы директорының орынбасары, директоры. 1985-1986 жылдары Алматы қаласы Әуезов аудандық тамақ саудасы басқармасының директоры. 1986-1990 жылдары - Алматы қаласы Әуезов аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1990-1992 жылдары - Экономикалық байланыстар мемлекеттік комитетінің, Сыртқы экономикалық байланыстар министрлігінің бөлім, басқарма бастығы. 1992-1993 жылдары Австриядағы Қазақ сауда үйінің бас директоры. 1993-1994 жылдары - ҚР Сыртқы экономикалық байланыстар министрінің орынбасары. 1994-1995 жылдары - ҚР Өнеркәсіп және сауда министрінің бірінші орынбасары. 1995-1996 жылдары - ҚР СІМ ерекше тапсырмалар жөніндегі елшісі. 1996-1999 жылдары - ҚР-ның Швейцариядағы Төтенше және Өкілетті елшісі, Женева қаласындағы БҰҰ және басқа халықаралық ұйымдар жанындағы тұрақты өкілі. 1999-2003 жылдары - ҚР Президентінің сыртқы саяси және сыртқы экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі. 2003-2006 жылдары - ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы. 2006-2008 жылдары - ҚР Президентінің Іс басқарушысы. 2008 жылдың 2013 жылдың наурызына дейін ҚР Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, 2010 жылдың мамырынан 2013 жылдың наурызына дейін - ҚР Президентінің Қырғыз Республикасымен ынтымақтастық мәселелері жөніндегі арнайы өкілі. 2014 жылдың ақпанынан - «Асыл мирас» жеке қайырымдылық қорының негізін қалаушы және қордың Қамқорлық кеңесінің мүшесі.

45 жыл бұрын (1973) Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Нұргүл Өсербайқызы МӘУБЕРЛИНОВА дүниеге келді

Қарағанды облысында туылған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін аяқтады. Еңбек жолын Қарағанды облысы Саран қаласының әкімдігінде бастады. Мәдениет, ақпарат министрлігі, ҚР Премьер-Министрі Кеңсесінде түрлі лауазымдарда қызмет атқарған. 2012 жылғы қарашадан бастап ҚР Президентінің жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі директорының орынбасары болған. 2016-2018 жылдары ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігі Ақпарат комитетінің төрағасы қызметін атқарған.

Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың сәуірінен.

 

64 жыл бұрын (1954) ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінің мүшесі  Асқар Ермырзаұлы БАЗАРБАЕВ дүниеге келді.

Талдықорған қаласында туған. Еңбек жолын 1971 жылы Алматы кен емес материалдар комбинатында жұмысшы болып бастады. 1977 жылы Қазақ политехникалық институтын бітірді. Институтты бітіргеннен кейін Қарағанды облысында жұмыс істеді. 1977-1980 жылдары Қарметкомбинаттың автоматтандыру және механикаландыру зертханасында инженер, бас инженер. 1980-1982 жылдары - Қарметкомбинат партия комитетінің нұсқаушысы. 1982-1983 жылдары - Қазақстан Компартиясы Теміртау қалалық комитеті өнеркәсiп-көлiк бөлiмiнiң нұсқаушысы. 1983-1988 жылдары - Қазақстан компартиясы Қарағанды облыстық комитеті өнеркәсiп бөлiмінің нұсқаушысы, меңгерушiсiнің орынбасары. 1988-1991 жылдары - Қазақстан компартиясы Теміртау қалалық комитетінің екiншi, содан кейін бiрiншi хатшысы. 1991-1996 жылдары - «Текстиль» Қазақстан-Швейцария бiрлескен кәсiпорны өкiлдiгінің директоры, Қарметкомбинаттың Алматы қаласындағы өкiлдiгі бас директорының орынбасары. 1996-1999 жылдары - «ХлебЛТД» ЖШС директорының орынбасары, «Базарстан» ЖШС президенті. 1999-2002 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің көмекшісі. 2002-2007 жылдары - Қарағанды облысы әкімі аппаратының басшысы. 2007-2009 жылдары - Қарағанды облысы әкімінің орынбасары. 2009-2012 жылдары - «Нұр Отан» ХДП Қарағанды облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары. 

2012-2016 жылдары - бесінші сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты. Қазіргі қызметінде 2016 жылғы наурыздан бері.. «Құрмет» орденімен, Қазақстан Республикасының Құрмет грамотасымен және мерекелік медальдарымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар