+7 (701) 759 90 19
USD 384.97 EUR 427.12
RUB 6.04 CNY 54.75
Jańalyqtar

13 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 13 қараша 07:00
Бөлісіңіз:
13 қараша. ҚазАқпарат күнтізбесі

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 қарашаға арналған күнтізбесін ұскынады.

АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік мейірімділік күні

2000 жылы Сингапурде ұйымдастырылған Дүниежүзілік мейірімділік қозғалысы (World Kindness Movement) осы күнді атап өту туралы бастама көтерді.

Бұл күн 1998 жылы таңдап алынды. Халықаралық деңгейдегі қайырымдылық қозғалысын ұйымдастырған Токиодағы бірінші конференцияда осындай мерекені атап өту туралы мәселе көтерілді. Шараның бірегей ерекшелігі-Сингапур, Жапония, АҚШ, Канада, Ұлыбритания, Таиланд, Австралия елдері өкілдерінің тұрақты қатысуымен өтуінде. Кейінірек World Kindness Movement қатарын басқа мемлекеттердің еріктілері толықтырды.

Дүниежүзілік мейірімділік күнінің мақсаты - тілдік және мәдени алуандығына қарамастан, түрлі ұлттардың бірігуіне ықпал ету. Бұл ретте өзіндік ерекшелігі мен бірегейлігін сақтай отырып, бірлік пен өзара түсіністікке қол жеткізу өте маңызды.

Зағиптардың халықаралық күні

Францияда 1745 жылдың 13 қарашасы күні Парижде және Петербургте зағиптарға арналған бірнеше мектептер мен кәсіпорындардың негізін салған атақты педагог Валентин Гаюи дүниеге келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының шешімі бойынша дәл осы күн Зағиптардың халықаралық күні болып белгіленді, оның басты мақсаты - көпшілік қауымның назарын көру қабілетінен айырылып, өмірдің қиын жағдайына тап болған адамдарға аудару. 1784 жылы Парижде соқырларға арналған әлемдегі тұңғыш интернатты ашқан француз ағартушысы, тифлопедагогиканың негізін қалаушы Валентин Гаюидің (1745-1822) туған күніне орай атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1970 жылы «Қыз Жібек» көркем фильмі прокатқа шықты. Сұлтан Қожықов түсірген осынау әйгілі фильм КCРО Мемлекеттік сыйлығын алды, сондай-ақ сценарий авторы Ғабит Мүсірепов, басты рөлдерді сомдаған Асанәлі Әшімов, Құман Тастанбеков, Меруерт Өтекешова үздік актер ретінде дипломдармен, сыйлықтармен марапатталды. 1972 жылы Тбилисидегі V Бүкілодақтық кинофестивальде фильм үздік көркем безендірілгені үшін арнайы дипломмен марапатталды.

Фильмге арқау болған «Қыз Жібек» поэтикалық аңызы қазақ халқының XVI-XVII ғасырдағы жағдайына, соғыстан жапа шеккен халықтың жай-күйін суреттейді. Өзара араздасқан екі рудан шыққан қыз бен жігіттің арасындағы шынайы махаббат пен оның қайғылы тұстары көрсетілген тарихи туындыда көшпелі қазақ елінің рухани өмірінің көріністері жақсы бейнеленген.

1997 жылы Қазақстан Республикасы Ұлттық банкі мұражайының ресми ашылу салтанаты өтті. Шараға ҚР Президенті Н.Назарбаев қатысып, мұражайдың «Құрметті қонақтар кітабына» естелік жазба қалдырды.

Ұлттық банк мұражайы қорында 5 мыңнан астам экспонат қойылған. Олардың қатарында Ресей шақалары, Австрия-Венгрия, орыс-поляк, Қытайдан, Польшадан, Мексикадан әкелінген монеталар, неміс рейхсмаркалары, Кеңес өкіметінің құрылуы кезеңінде 1918 жылы шығарылған «апиын ақшалары» және 1920 жылы шығарылған «жібек ақшалар» деп аталатын банкноттар мен шақалар, алыс және таяу шет елдердің ақша белгілері, Қазақстан теңге сарайының бұйымдары, т.б. сақталған.

2006 жылы Қызылордада терме жанрындағы мақамдар жинағынан тұратын белгілі күйші Ерболат Мұстафаевтың кітабы жарияланды. Бұл кітап «Мәдени мұра» және «Өнер жылы» аясында шығарылған. Аталған жанрда халық аңыздары және ауыз әдебиеті шығармалары өлең түрінде домбыраның сүйемелдеуімен орындалады. Автор - республикалық және халықаралық өнер сайыстарының бірнеше мәрте жеңімпазы, орындаушыларға және музыка сүйетіндерге танымал немесе онша танымал емес 35 жырды зерттеп, нотаға түсірген.

2012 жылы Қазақстан Республикасында Жамбыл облысы Шу ауданында «Тараз» химия паркі» арнайы экономикалық аймағы құрылды. АЭА

Шу қаласының маңынан бөлінген 505 гектар жерде орналасқан.

2013 жылы номиналы 500 теңгелік «Қазақстанның жануарлар және өсімдіктер әлемі» сериясынан естелік «Каспий итбалығы» күміс монетасы айналымға шығарылды. Монета 925 сынамалы күмістен жасалған, салмағы-24 грамм, 38,6 х 28,81 мм-лі сопақша, дайындау сапасы - «proof», таралымы - 5 мың дана.

2013 жылы ҚР Ұлттық Банкі алтынмен апталған номиналы 500 теңгелік «Республика игілігі» сериясынан «Алма отаны» естелік күміс монетасын айналымға шығарды.

2015 жылы Нью-Йоркте «Metropolitan Classics» баспасынан ағылшын тілінде жарық көрген қазақтың ақиық ақыны Мұқағали Мақатаевтың таңдамалы шығармалары мен көрнекті жазушы Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым Қожа» повестерінің тұсаукесері өтті.

2017 жылы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында Жезқазғанда Шыңғыс хан заманынының ықпалды тұлғасы, атақты жырау, кемеңгер би, ержүрек қолбасшы, абыз Кетбұқа бабаға зәулім ескерткіш орнатылды.

Тарихи тұлғаның ат үстінде тұрған еңселі ескерткіші қоладан құйылып, гранитпен қапталды. Оның жалпы биіктігі — 10,5 метр. Зәулім ескерткіш мүсінші Октябрь Секемановтың жетекшілігімен Астанада жасалған. Авторлары — Асқар Нартов пен Серік Рүстембеков.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT