13 қаңтар. Туған күн иелері

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 қаңтар күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

64 жыл бұрын (1958) қазақстандық дипломат, I санаттағы Төтенше және Өкілетті Уәкіл дәрежесі бар Самат Исламұлы ОРДАБАЕВ дүниеге келді.

Алматы (бұрынғы Талдықорған облысы) облысында туған. Қазақ ауыл шаруашылығы институтын бітірген.

1980-1990 жылдары - В.И.Ленин атындағы Бүкілодақтық ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының Шығыс бөлімінде аспирант, кіші, аға ғылыми қызметкер.

1990-1992 жылдары - Қазақ ғылыми техникалық ақпарат ғылыми зерттеу институтының бөлім меңгерушісі. 1992-1994 жылдары - Қазақ ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясының ғалым-хатшысы.

1994-1996 жылдары - ҚР Ғылым және жаңа технологиялар министрлігінің басқарма бастығының орынбасары. 1996 жылы - ҚР-ның ТМД қатысушы елдерімен ынтымақтастық жөніндегі Мемлекеттік комитеттің бөлім бастығы. 1998-2000 жылдары - ҚР СІМ үшінші, екінші, бірінші хатшысы, бөлім бастығы, басқарма бастығы.

2000-2003 жылдары - Қазақстанның Беларусьтағы елшілігінің кеңесшісі. 2003-2004 жылдары - ҚР СІМ ТМД істері комитеті төрағасының орынбасары.

2004-2005 жылдары - ҚР СІМ ТМД департаментінің директоры. 2005-2006 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесшісі. 2006-2007 жылдары - ТМД атқару комитеті төрағасының орынбасары - атқарушы хатшысы.

2007-2013 жылдары - ҚР-ның Ресей Федерациясындағы елшілігінің кеңесші-елшісі. 2013-2016 жылдары ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары.

Қазақстан Республикасының Украинадағы Төтенше және Өкілетті Елшісі (2016-2020), Қазақстан Республикасының Молдова Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметін қоса атқарушы (2017-2020).

Медальдармен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар