13 қаңтар күнгі ауа райы болжамы

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - 13 қаңтарда Қазақстанның басым аумағында антициклонның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Тек республиканың батысында және солтүстік-батысында атмосфералық ағындардың өтуіне байланысты ауа райы құбылмалы болады, қар жаууы ықтимал.

Кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ, бұрқасын болып, жел күшейеді.

Батыс Қазақстан облысында кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасы, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20, күндіз екпіні 23-28 м/с жетеді, кей жерлерде боран, тұман.

Алматы, Жамбыл, Атырау облыстарында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, күндіз Алматы облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде бұрқасын, көктайғақ күтіледі, жел 15-20 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман түсіп, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Шығыс Қазақстан облысының кей жерлерінде бұрқасын, тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Маңғыстау облысында кей жерлерде тұман, жел тұрады, жылдамдығы -15-20 м/с.

Қарағанды облысында түнде кей жерлерде тұман түсуі ықтимал, күндіз жел тұрып жылдамдығы 15-20 м/с жетуі ықтимал. Қызылорда облысында кей жерлерде тұман күтіледі, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Павлодар, Түркістан облыстарында кей жерлерде тұман түсуі мүмкін.

Соңғы жаңалықтар