13 қалада ауа сапасы нашарлайды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 26 наурыз күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде қолайсыз метеорологиялық жағдай сақталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Тек Қарағанды, Жезқазған, Теміртау, Балқаш, Өскемен, Семей, Риддер, Атырау, Ақтөбе, Ақтау, Шымкент, Астана және Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.


Соңғы жаңалықтар