+7 (701) 759 90 19
USD 408.61 EUR 454.09
RUB 5.86 CNY 57.28
Jańalyqtar

13-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалған құтқарушы марапатталды

2019 жылғы 15 наурыз 12:15
Бөлісіңіз:
13-қабаттан секірмек болған келіншекті аман алып қалған құтқарушы марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин елордада биік үйдің төбесінен секірмек болған келіншекті аман алып қалған құтқарушыны марапаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгін ҚР ІІМ орынбасары Юрий Ильин Ішкі істер министрінің бұйрығына сәйкес адам өмірін құтқару барысындағы батылдығы, батырлығы және жанкештілігі үшін ҚР ІІМ ТЖК Орталық өңірлік аэромобильді құтқарушылар жасағының бас құтқарушысы Мақсат Имашевті «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төс белгісімен марапаттады», - делінген ІІМ хабарламасында.

Бұған дейін ҚР Ішкі істер министрінің кеңесшісі - ресми өкіл Нұрділдә Ораз елордада 13 қабатты үйдің шатырынан секірмек болған келіншек құтқарылғанын айтқан еді. Оның айтуынша, полиция қызметкерлері келіншекті сөзге тартып тұрған сәтте құтқарушы үй шатырының күнқағарына түскен.
null

«Келіншектің ту сыртынан байқатпай келген құтқарушы оны ұстап үлгерді. Осы сәтте көмекке келген полиция қызметкерлерімен бірге келіншекті құтқарып, төмен түсірді. Әйел мұндай қадамға жұбайымен ажырасқаннан кейін барған», - деді Нұрділдә Ораз.

null

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Оқиға, ҚР ІІМ,
Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT