13-қабаттан секірген әйел сол жерден өтіп бара жатқан ер адамның өмірін қиып кетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның астанасы Сеул қаласының тұрғыны 13-қабатта орналасқан пәтерінің терезесінен секіріп, жұмысына кетіп бара жатқан ер адамның тап үстіне құлаған.

Екеуі де ауыр жараланып, ауруханаға жеткізілген. Бірақ дәрігерлер оларды ажалдан аман алып қала алмады, деп хабарлайды South China Morning Post.

 Полицияның ақпаратына қарағанда, кәріс әйел  торығудан зардап шеккен.  Өмірден түңілген байғұс сондықтан осындай оқыс әрекетке барған болуы мүмкін.  

Соңғы жаңалықтар