13 елдің вакцинация паспорттары Қазақстан аумағында жарамды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Жаңа қаулыға сәйкес Аргентина Республикасы, Мажарстан, Грузия, Иран Ислам Республикасы, Армения Республикасы, Беларусь Республикасы, Молдова Республикасы, Сан-Марино Республикасы, Қырғыз Республикасы, Моңғолия, Таиланд, Түркия Республикасы және Эстония Республикасы азаматтарының вакцинация паспорттары/сертификаттары/анықтамалары Қазақстан Республикасының аумағында жарамды деп танылды.

Қаулының толық мәтінімен мына жерден танысуға болады.
Соңғы жаңалықтар