13 ақпан. Туған күн иелері

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін, яғни 13 ақпан күні тұлғалардан кімдер дүниеге келген? ҚазАқпарат оқырмандарына есімдер күнтізбесін ұсынады.

null
ЕСІМДЕР

87 жыл бұрын (1932-2011) Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері, халық әртісі, қазақ балет әртісі және педагог Зәуірбек Молдағалиұлы РАЙБАЕВ дүниеге келді.

Алматы қаласының тумасы. Алматы хореография училищесін, Ленинград (Санкт-Петербург) хореография училищесінің жетілдіру сыныбын, Мәскеу Мемлекеттік театр және өнер институтының балетмейстерлік бөлімін бітірген. Алматыдағы Абай атындағы Опера және балет театрының балетмейстері болған.

Зәуірбек Райбаевтың репертуарында П. Чайковскийдің «Аққу көлі» мен «Ұйқыдағы ару», Ғазиза Жұбанованың «Ақ құс туралы аңыз», Қ. Қожамияровтың «Чин-Томур» және тағы басқа шығармалары бар.

Марапаттары: «Құрмет белгісі» ордені (1958), 1957 жылы Мəскеуде өткен жастар мен студенттердің Дүниежүзілік фестивалінің лауреаты, 1958 жылы Бүкілодақтық эстрада əртістері конкурсының лауреаты, ҚазКСР Еңбек сіңірген әртісі (1958), ҚР халық әртісі (1982), «Құрмет» (2001) ордені, ҚазКСР Жоғары кеңесінің құрмет грамотасы, «Ерең еңбегі үшін» медалімен мараптталды. 1986 жылы ҚР-ның Мемлекеттік сыйлығымен марапатталды, Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері (1969).

82 жыл бұрын (1937-2000) - тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі Марат Кәрібайұлы БАРМАНҚҰЛОВ дүниеге келді.

Алматы облысының Талғар қаласында туған. ҚазМУ-ді бітірген (1950). Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-1965 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты. ММУ-дің бригадасымен бірге студенттік құрылыста "Молодой целинник" газетінің негізін қалады. "Планета целины" кітабы авторларының бірі.
Филология ғылымдарының кандидаты (1965), филология ғылымдарының докторы (1981), профессор (1982). 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1991 жылы "Казахстанская правда" газеті редакторының бірінші орынбасары. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры. Көрнекті ғалым "Весь мир в вашей квартире", "Журналистика для всех", "Сравнительный анализ жанров", "Жанры печати, радиовещания и телевидения", "Искусство современной информации", "Телевидение: деньги или власть?", "Хан...Иван" т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, жүздеген ғылыми мақаланың авторы. Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі. Марат Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы.


79 жыл
бұрын (1940) әншi (лирикaлық бaритон), композитор, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Ескендір Өтегенұлы ХАСАНҒАЛИЕВ дүниеге келді.

Орaл облысы Қаратөбе ауданында туғaн. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaлды-хор фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, Әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi. 1970 жылдaн бaстaп Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000). Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды.

Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969), Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қaзaқстaн Комсомолы сыйлығының иегерi (1970). Қaзaқ КСР хaлық әртісi (1984).

35 жыл бұрын (1984) Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Мадияр Дүйсенбайұлы ҚОЖАХМЕТ дүниеге келді.

Қарағанды қаласында туған.

Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің халықаралық құқық факультетін (2005) халықаралық құқық бакалавры мамандығы бойынша; Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін (2007) халықаралық құқық магистрі мамандығы бойынша; «Болашақ» бағдарламасы бойынша Чех мемлекеттік қоғамдық ғылымдар университетін (2008) экономика және менеджмент магистрі мамандығы бойынша бітірген. 2003 жылдың наурызынан - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ әлеуметтік-экономикалық бағдарламалар басқармасының бастығы, 2005 жылдан - атқарушы директордың м.а., 2006 жылдан - атқарушы директоры. 2006 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың шілдесіне дейін - «Қазақстанның жастар конгресі» ЗТБ Чехиядағы өкілі. 2008 жылдан Бiлiм және ғылым министрлiгi Жастар саясаты департаментi директорының орынбасары, директоры, Жастар iсi жөнiндегi комитетi төрағасының орынбасары лауазымдарын атқарды. 2012 жылдың қазан айынан бастап осы тағайындауға дейiн ҚР Президенті Әкiмшiлiгiнiң Мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлiмiнiң инспекторы қызметiнде болды. Қазіргі қызметінде 2017 жылдың қазан айынан бері.

«Қазақстан Парламентіне 10 жыл» медалімен, «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Соңғы жаңалықтар