13 ақпан күні Қазақстанда өтетін маңызды шаралар

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі Қазақстанда 13 ақпан күні өтетін маңызды шаралар шолуын ұсынды.

АСТАНА

9.30-да ҚР Үкіметінің Үйлестіру кеңесі мен Еуропа қайта құру және даму банкінің VI отырысы өтеді.

10.00-де ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысы басталады.

11.00-де «Нұр Отан» партиясының Астана қалалық филиалының XXVIII кезектен тыс конференциясы өтеді.

11.00-де «Silk Way» бизнес-орталығының конференц-залында «Ғылым қоры» АҚ-ның гранттық қаржыландыруы шеңберінде өз әзірлемелерін коммерцияландыруды жүзеге асыратын кәсіпкерлермен және ғалымдармен таныстыру өтеді. Шараға Парламент Сенатының Экономикалық саясат, инновациялық даму және кәсіпкерлік комитетінің депутаттары, Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің депутаттары, «Ғылым қоры» АҚ өкілдері, сондай-ақ ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыруды гранттық қаржыландыру бойынша жобаларды іске асыратын ғалымдар мен кәсіпкерлер қатысады.

14.00-де «Гранд Парк Есіл» қонақ үйінде Қазақстанда Өндіруші салалардың ашықтық бағдарламасының жаңа талаптарын енгізу бойынша мүдделі тараптардың кездесуі өтеді.

15.00-де ҚР Ұлттық музейінің 5 жылдық мерейтойына орай, «Үржарлық сәуегей әйел мен қайта оралған қазыналар: консервациялау мен қайта қалпына келтіру қорытындылары» атты көрме ашылады.

15.00-де Қазақстан Республикасының Ұлттық мұрағатында «Ерлікке тағзым» атты тақырыптық панельдік пікірталас өтеді.

15.00-де Назарбаев Университетінің спорт залында елордалық ЖОО студенттері арасында Универсиада басталады.

16.00-де «Қазмедиа орталығы» ғимаратында Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың 2018 жылғы «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы жеңімпаздарымен кездесуі өтеді.

АЛМАТЫ

11.00-де KASE Басқарма төрағасының орынбасары Андрей Юрьевич Цалюк 2019 жылдың өткен айындағы Қазақстан қор биржасының (валюталық нарықты қоса алғанда) жұмысы туралы брифинг өткізеді.

14.00-де Қазақстандық баспасөз клубында климаттың өзгеруі жөніндегі Дүниежүзілік саммит қорытындысына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

17.00-де АҚШ елшілігінде төртінші жыл сайынғы «48 сағатта түсіру» орталықазиялық қысқаметражды фильмдер байқауының басталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар