+7 (701) 759 90 19
USD 389.34 EUR 428.78
RUB 6.05 CNY 55.45
Jańalyqtar

13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

2019 жылғы 13 ақпан 07:00
Бөлісіңіз:
13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2019 жылғы 13 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.


null
АТАУЛЫ КҮНДЕР

Дүниежүзілік радио күні

2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы дәл осы күні БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосқан болатын.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1915 жылы Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту.

1994 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.

2003 жылы Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

2007 жылы Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра сыныбын бітірді. Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

2013 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдіптеумен хабар тарата бастады. Kazakh TV - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық-танымдық телеарна. Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді.

2017 жылы қазақстандық альпинист және танымал саяхатшы Андрей Гундарев Косцюшко Қазақ географиялық қоғамының қолдауымен Австралияның ең биік нүктесі - Жаңа Оңтүстік Уэльс штатында орналасқан Косцюшко шыңына (2 228 метр) көтерілді.

Қазақ географиялық қоғамы жеті құрлықтың жеті шыңына Қазақстан Туын орнатып шығу миссиясын орындап жүрген болатын.

2018 жылы Дубайда өткен 6-шы Дүниежүзілік үкімет саммитінде Жаһандық бақыт коалициясы құрылып, оның құрамына алты ел - Біріккен Араб Әмірліктері, Қазақстан, Коста-Рика, Мексика, Португалия және Словения кірді. Коалицияны құру туралы келісімге қол қою рәсіміне БАӘ-нің премьер-министрі және Дубай әмірі Мұхаммед бен Рәшид әл Мақтум қатысты. Құжатқа алты елдің министрлері қол қойды.

2018 жылы Алматыда «Алтын қалам» әдеби жүлдесі ұйымдастыру комитетінің шешімімен бірінші рет әдеби «ОСКАР» сыйлығы табыс етілді.

Аталған сыйлық бүгінгі заман әдебиетін дамытуға елеулі үлес қосқан қаламгерлерге берілді. Сауалнама нәтижесінде келесі азаматтар жеңімпаз атанды: Жылдың үздік баспасы - Мереке Құлкенов, Жылдың әдеби дебюті - Олег Червинский, Кiтап like (оқырмандар таңдауы) - Зира Наурызбаева, Әлеуметтік мәнге ие тақырыпқа арналған үздік кітап - Ерлан Қарин, Жылдың үздік меценаты (Әдебиетке көрсеткен қолдауы үшін) - Бауыржан Оспанов.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:

Автор:

Зарина Туғанбаева

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059

MURAǴAT