Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
Астана: 22 °С
Алматы: 22 °С
USD 327.42 EUR 383.51
RUB 5.29 CNY 51.26
Жаңалықтар

13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

2018 жылғы 13 ақпан 06:30 1542
Бөлісіңіз:
13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2018 жылғы  13 ақпанға арналған күнтізбесін ұсынады.

13 ақпан. СЕЙСЕНБІ

Дүниежүзілік радио күні. 2011 жылғы 3 қарашада ЮНЕСКО Бас конференциясының 36-шы отырысында бекітілген. Халықаралық күнді енгізуге Испания бастамашы болды. Бұл күн кездейсоқ таңдалған жоқ. 1946 жылы БҰҰ өзінің радиоқызметін - БҰҰ радиосын іске қосты.

Бразилияда Рио карнавалы

Бразилиядағы ең үлкен, көркем, эмоциялық, көңілді халық мерекесі. Бұл мереке жыл сайын  пасха күніне орайластырылып тойланады.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

1915 жылы Семейде Еуропалық үлгідегі тұңғыш спектакль қойылды. Сахналанатын пьеса болмағандықтан, спектакльдің әдеби негізі ретінде Біржан мен Сараның айтысы алынды. Айтыстың сахналық жүйесін жасап, спектакльді қойған - Жүсіпбек Аймауытов.

1993 жылы «Қазақстанкаспийшельф» теңіз мұнай кәсіпорны құрылды. Кәсіпорынның негізгі мақсаттары - Каспий теңізінің  Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы мұнай-газ қорын анықтау, мұнай операцияларын іске асыру, осы аймақтың биоқорларын, минералдық байлық көздерін ашу және жағалаудағы қайраңдық кен орындарының игерілуін тездету, теңіз байлығын қазіргі заманғы техника мен технологияны, шет елдік компаниялардың әлемдік тәжірибесі мен инвестициясын пайдалана отырып игеру, Каспий маңы аймағының өндірістік және әлеуметтік инфрақұрылымын жан-жақты дамыту болып табылады. Каспий теңізінің Қазақстанға қарасты бөлігінің жер қойнауындағы көмірсутек қорларын зерттеу және игеру жөніндегі кешенді бағдарламаны жүзеге асыру мақсатында 1993 жылы желтоқсанда Халықаралық мұнай компаниялары консорциумының негізі қаланды. Аталмыш консорциумның штаб-пәтері Алматы қаласында орналасқан. Ақтау мен Атырау қалаларында бөлімшелері бар.

1994 жылы АҚШ-қа ресми сапары барысында ҚР Президенті Н.Назарбаев екі ел арасындағы демократиялық әріптестік туралы хартияға, ғылым мен техника, ядролық қауіпсіздік саласындағы техникалық ақпарат және ынтымақтастық туралы келісімге, Қазақстан, АҚШ және Ресей арасындағы «Инмарсат-3» жасанды спутнигін ұшыруға байланысты технологиялық кепілдіктер туралы үшжақты келісімге қол қойды, ядролық қаруды таратпау туралы шарт ратификацияланды.

2003 жылы Алматыда ҚР Президентінің бастамасымен Бейбітшілік және келісім І халықаралық конференциясы өтті.

2005 жылы «Мемлекет қайраткерлерін мәңгі есте сақтау» бағдарламасының аясында аты аңызға айналған Қазақстанның жазушы-жауынгері Бауыржан Момышұлының 30 томдық шығармалар жинағы жарық көрді. Кітаптың шығармашылық тобына қазақстандық ғалымдар, тарихшылар, жазушылар, журналистер кірді.

2006 жылы Алматыда ЕҚЫҰ-ның Алматыдағы орталығы мен үкіметтік емес «Демократияға жәрдемдесу орталығы» ұйымы «Дау-жанжалдарды шешудің баламалы әдістері» жөніндегі ақпараттық кітапшаның тұсаукесері өтті. Орыс тілінде шыққан кітап заң, басқару және әлеуметтік сала қызметкерлеріне, үкіметтік емес ұйым өкілдеріне, оқытушылар мен студенттерге арналған. Онда дау-жанжалдарды реттеу туралы ақпараттар мен осы салалардағы тренингтер материалдары топтастырылған.

2007 жылы Қазақстан Республикасының танымал композиторы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, еңбек сіңірген өнер кайраткері және халық әртісі Кенжебек Күмісбековтің (1927-1987) есімі Ақмола облыстық филармониясының қазақ халық аспаптар оркестріне берілді.

К.Күмісбеков Ақмола облысы Қорғалжын ауданы Кұмкөл ауылының тумасы, вокал өнері факультетінде музыкалық білім алды, содан кейін доцент Қ.А.Мұхитовтың домбыра сыныбын бітірді.

Ең танымал шығармалары - «Ықылас туралы поэма», «Қорқыт туралы аңыз», «Ой толқыны», «Дала сыры», «Фараби сазы», «Шалқыма» және басқалары.

2007 жылы қазақ жазушысы, Михаил Шолохов атындағы Халықаралық сыйлықтың лауреаты Сәбит Досанов Қырғыз Республикасының «Алтын қалам» ұлттық сыйлығының алтын медалімен марапатталды.

2008 жылы Павлодардағы «Базальт технологиялары» ЖШС-інің жылу сақтайтын материалдар шығаратын жаңа кәсіпорнында алғашқы өнім шығарылды.

Өнімді шығару үшін жергілікті шикізат - Шідертінің шағыл тасы мен Ақмола облысының Алексеевка кенішінің доломиті пайдаланылады. Материал азаматтық және өнеркәсіптік құрылыста кеңінен пайдаланылады. Жаңа өндіріс бұрынғы Павлодар химия комбинатының қайта құрылған цехында іске қосылып отыр.

2010 жылы Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Алматы облысына жұмыс сапары аясында Тілдер сарайының ашылу рәсіміне қатысты. Республикадағы алғашқы және әзірге жалғыз Тілдер сарайының құрылысы Елбасының «Тілдің үштұғырлығы» бағдарламасына сәйкес салынған болатын. Оның құрылысына облыстық бюджеттен 304 млн. теңге қаржы жұмсалды. Жобаның авторы Қазақстан Сәулетшілер одағының мүшесі Нұркен Белдібаев, сонымен қатар ол Талдықорғандағы Достар үйінің де авторы. Тілдер сарайының барлық сыныптары оқу барысына қажетті заманауи жабдықтармен жарақтанған. Бір уақытта онда 80 адам білім алуға мүмкіндік жасалған. Сонымен қатар мұнда сабақ жүргізілетін бөлмелерден басқа 150 орынға есептелген акт залы, облыстық тілдерді дамыту басқармасы қызметкерлерінің кабинеті және орталықтың қазақ, ағылшын және орыс тілін оқытатын оқытушылардың кабинеттері де қарастырылған.

2010 жылы Петропавлда салтанатты түрде Қан орталығы ашылды.

Қан орталығының өндірістік қуаттылығы жылына 10 мың литр қан. Бұл бес қабатты қосалқы бөлмелері бар ғимарат. Ғимараттың жалпы құны 1,18 млрд теңге.

Петропавлдағы Қан орталығы - Астанадағы орталықтан кейінгі осы бағыттағы екінші медициналық мекеме болып табылады.

2010 жылы Алматыда Орталық Азияның шекарашылары үшін «Бапкерлерді шекараларды кешенді басқаруға оқыту» өңірлік курсы өтті.

Бес күндік курс Алматыда Орталық Азиядағы шекараларды басқаруға жәрдемдесу жөніндегі БҰҰДБ ЕО бағдарламасының қолдауымен Орталық Азияның бес елінің шекаралас ведомтсволарының өкілдеріне ұйымдастырылды.

2010 жылы Мемлекет басшысы Н. Назарбаев Біріккен Араб Әмірлігіне  жұмыс сапары аясында БАӘ президенті шейх Халиф бен Заид Әль Нахаянмен кездесіп, келіссөз жүргізді. Тараптар саяси, сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады. 

2012 жылы ҚР Президенті «Қазақстан Республикасының арнайы мемлекеттік органдары туралы» заңға қол қойды.

2012 жылы «Назарбаев Зияткерлік мектептері» тәжірибесін тарату мақсатында Педагогикалық шеберлік орталығы құрылды.

2013 жылы Астана қаласында Республикалық нейрохирургия ғылыми орталығында омыртқаға бірегей ота жасалды.

2013 жылы Қазақстан Республикасының алғашқы ұлттық спутник арнасы телевизия өндірісінің соңғы үрдістеріне жауап беретін жаңа графикалық әдіптеумен хабар тарата бастады. Kazakh TV - қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде тәулік бойы хабар тарататын ақпараттық-танымдық телеарна.  Арна «Хабар» агенттігі» АҚ құрылымына кіреді.

2013 жылы ақтаулық педагог, «Ручеек» №46 мектепке дейінгі оқу-тәрбие орталығы» МКҚК басшысы Валентина Вострова жоғары сапалы кәсіби қызметі үшін Еуропалық ғылыми-өнеркәсіптік палатаның дипломымен, алтын медалімен марапатталды.

2013 жылы Астанада Қазақстан Республикасы мен Беларусь Республикасының сыртқы саяси ведомстволары басшыларының орынбасарлары деңгейінде кезекті қазақстандық-беларустік СІМ аралық консультация өтті. Шара барысында екіжақты ынтымақтастық, БЭК, КО және ТМД аясында екі мемлекеттің өзара іс-қимылының өзекті мәселелері талқыланды. Консультация қорытындысы бойынша ҚР мен БР 2013-2014 жылдарға арналған сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық жоспарына қол қойылды.

2013 жылы Корей ХДР 2013 жылғы 12 ақпанда жүзеге асырған ядролық сынаққа байланысты Женевадағы ҚР тұрақты өкілі Мұқтар Тілеуберді арнайы мәлімдемемен қарусыздану жөніндегі БҰҰ Конференциясының Пленарлық сессиясында сөз сөйледі. Ол Қазақстан ядролық қарудан өз еркімен бас тартқан мемлекет ретінде Солтүстік Кореяны БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің арнайы қарарын бұзғаны үшін шешімді түрде айыптайтынын мәлімдеді.

2013 жылы Шығыс Қазақстан облыстық А.С. Пушкин атындағы кітапхана «ЭКСПО-2017» «Болашақ энергиясы» арналған өз жобасын іске қосты.

2013 жылы ҚР Орталық мемлекеттік мұражайында «ҚР ОММ Археологиялық экспедициясы» көрмесі ашылды, оған Оңтүстік Қазақстан археологиялық ескерткіштерінің үлгісінде ежелгі, ортағасырлық мәдениет ерекшеліктерімен, тарихымен таныстыратын 100-ден астам жәдігер қойылды.

2013 жылы Павлодарда «Сәлем, бизнес!» идеялар мен жобалар жәрмеңкесі өтті. Шығыс Қазақстан мен Павлодар облыстарының 250-ден астам балалар үйі мен мектеп-интернатының тәрбиеленушілері, ауыл мектептерінің оқушылары мен болашақ педагогтары жергілікті қызмет көрсету нарықтарына, тауар шығаруға бағытталған өз идеялары мен жобаларын таныстырды.

2014 жылы Оңтүстік Қазақстанда «Бал Тоқыма» фабрикасы кілемдер шығара бастады. Жоба құны 8, 450 млрд теңгені құрады. Кәсіпорын аналогы  Қазақстанда жоқ жабдықтармен жұмыс істейді.

1498 жылы алғаш рет жазбаша түрде «бухгалтер» сөзі пайдаланылды. Неміс тілінен тікелей аударғанда «кітапұстаушы» деген мағынаны білдіреді.

1842 жылы Николай I ресейлік император Санкт-Петербор-Мәскеу темір жолын салу туралы жарлыққа қол қойды.

ЕСІМДЕР



13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 82 жыл
 бұрын (1936-1991) жазушы, очеркші, КСРО Журналистер одағы сыйлығының лауреаты МУСИН Жанайдар Баймырзаұлы дүниеге келді. Ақмола облысы Зеренді ауданында туған. Көкшетау педагогикалық училищесін, С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген. Еңбек жолын «Көкшетау правдасы» облыстық газетінде әдеби қызметкер болып бастаған. 1963-1965 жылдары - Қостанай облыстық «Путь к коммунизму» - «Коммунизм жолы» газетінің жауапты хатшысы. 1965-1968 жылдары - Қостанай облыстық «Коммунизм жолы» газеті редакторының орынбасары. 1968-1971 жылдары - Талдықорған облыстық «Октябрь туы» газеті редакторының орынбасары. 1971 жылдан Көкшетау облыстық «Көкшетау правдасы» газетінің редакторы қызметін атқарған. Оның «Ақ алаң», «Туған үйдің түтіні» романдары, «Қанат ұшқанда қатаяды», «Адам еңбегімен даңқты», «Таң нұры» очерктері және «Үміт» атты әңгімелер жинағы бар.

«Құрмет белгісі» орденімен және медальдармен марапатталған.



13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 81 жыл
 бұрын (1937-2000) - тележурналист, отандық тележурналистика саласының негізін алғашқы қалаушылардың бірі әрі осы саланың көрнекті теоретигі БАРМАНҚҰЛОВ Марат Кәрібайұлы дүниеге келді. Алматы облысының Талғар қаласында дүниеге келді.
ҚазМУ-ді бітірген (1950). Бесінші курстан бастап Алматы телестудиясының репортері, содан кейін жастар спорт бөлімінің жауапты редакторы болып жұмыс істеді. 1961-65 жылдары Мәскеу университеті журналистика факультетінің аспиранты. ММУ-дің бриғадасымен бірге студенттік құрылыста "Молодой целинник" газетінің негізін қалады. "Планета целины" кітабы авторларының бірі.
Филология ғылымдарының кандидаты (1965), (диссертация тақырыбы "Портреттік очерк мәселелері"), филология ғылымдарының докторы (1981), (тақырыбы "Баспасөз, телевидение және радио жанрларын салыстыра талдау"), проф. (1982). 1965 жылы ҚазМУ-де ассистенттен журналистика факультеті деканының орынбасары, 1991 жылы "Казахстанская правда" газеті редакторының бірінші орынбасары. Сол жылдан бастап өмірінің соңына дейін ҚазҰУ-дың телевизиялық журналистика кафедрасының меңгерушісі, Әлем әдебиеті және журналистика университетінің бірінші проректоры. Көрнекті ғалым "Весь мир в вашей квартире", "Журналистика для всех", "Сравнительный анализ жанров", "Жанры печати, радиовещания и телевидения", "Искусство современной информации", "Телевидение: деньги или власть?", "Хан...Иван" т.б. оқу құралдары мен монографиялардың, әлденеше жүздеген ғылыми мақалалардың авторы. Барманқұлов басшылығымен бір докторлық, бес кандидаттық диссертация қорғалды.
Барманқұлов ҚазМУ-дің журналистика факультетіндегі кандидаттық диссертация қорғау Кеңесі төрағасының орынбасары және филология факультетінің докторлық диссертация қорғау Кенесінің мүшесі болды. Қазақстан Журналистер одағының хатшысы, Еуразия Халықаралық экономика академиясының академигі. Марат Барманқұлов Қазақстандағы алғашқы тележурналистердің бірі, телевизиялық және радиожурналистика теориясының, сондай-ақ телевизия және радиожурналистика кафедрасының, ҚазҰУ-дағы телевизиялық және радиостудияның негізін қалаушы. Ол республикалық газет-журналдарда және электрондық БАҚ-тың әр саласында қызмет істейтін журналистердің құрметті ұстазы.   Ғалым-ұстаз алғаш рет Қазақстанда журналистер арасында алғаш рет Интернет әлемінің маңызын,  БАҚ-тың болашағы ғаламдық кеңістікте екенін атап кетті. Марат Барманқұлов  бірнеше тарихи кітаптардың және журналистиканың теориясы мен тәжірибесіне арналған оқу құралдарының авторы.  Ғалымның кітаптарын және басқа да (Марат Кәрібайұлы 17 кітап жариялады) ғылыми-публицистикалық, тарихи-танымдық  жарияланымдарын бүгінгі жас ұрпақ та, зиялы қауым да аса қызығып оқиды. 



13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 78 жыл
 бұрын (1940) әншi (лирикaлық бaритон), композитор, 1984 жылы Қaзaқстaн Республикaсының хaлық aртисi, Қазақстан  Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ХАСАНҒАЛИЕВ Ескендір Өтегенұлы дүниеге келді. Орaл облысы Қаратөбе ауданында туғaн. Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн Е. Виногрaдов пен Н. Шaриповaның клaсы бойыншa курсты, Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрдi. 1970 жылдaн бaстaп, Қaзaқ рaдиосы мен теледидaрының солисi. Е. Хaсaнғaлиевтiң орындaу мәнерi жоғaрғы кәсiби деңгеймен ерекшеленедi. Ол Қaзaқстaнның белгiлi эстрaдaлық әншiлерi орындaйтын көпшiлiкке жaқсы тaнымaл әндердiң aвторы. «Құрмет» орденiмен мaрaпaттaлғaн (2000). Хaсaнғaлиевтiң "Әдемi", "Aсыл aрмaн", "Өмiрiмнiң жaзы", "Aтaмекен" әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен қaбылдaйды. Е. Хaсaнғaлиев шығaрмaшылығынa тaқырыптың әмбебaптылығы, мaтериaлды берудiң көп сaлaлығы тән. Ол музыкaны қaзaқ, орыс, ұйғыр, тaтaр, немiс aқындaрының сөзiне жaзды.қaзiргi қaзaқ композиторлaрының ән-ромaнстaрын нaқышынa келтiре, шебер орындaйды. Xaсaнғaлиев - тaнымaл композитор. Оның бiрнеше ән жинaғы жaрық көрдi. Xaсaнғaлиев әндерiнiң тaқырыбы сaн aлуaн. Ол қaзaқ, орыс, тaтaр, немiс aқындaрының туғaн ел, еңбек, жaстық шaқ, мaхaббaт тaқырыбындaғы өлеңдерiне көптеген ән жaзды. Хaсaнғaлиев гaстрольдiк сaпaрмен Моңғолия (1975), Болгaрия (1982), Югослaвия (1968), Aлжир (1969Сирия мен Ливaн (1973), Швеция және Финляндия (1970), т.б. елдерде болды. Қaзaқстaн Комсомолы сыйлығының иегерi (1970). 


13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 77 жыл
 бұрын (1941) Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театры балет труппасының меңгерушісі МАЛЬБЕКОВ Эдуард Джабашович  дүниеге келді. Алматы қаласында туған. Әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын бітірген.1958 жылдан Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрының жоғары санаттағы балет солисі.1984 жылдан осы театр директорының орынбасары. 1986 жылдан - А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің директоры. 1988 жылдан - «Салтанат» мемлекеттік ән-би ансамбілінің қоюшы-балетмейстері, труппа меңгерушісі. 1990 жылдан - «Гүлдер» ансамблінің жаттықтырушы-педагогы.1995 жылдан - Сүйімбай атындағы Алматы облыстық филармониясының балетмейстері. 2000 жылдан - А.Селезнев атындағы Алматы хореография училищесінің көркемдік жетекшісі. Қазіргі қызметінде - 2002 жылдан бері. Оның басшылығымен А.Бородиннің «Половец билері», Х.Монтойнның «Хикуэлина» спектакльдері және басқа да шығармалар қойылды. ҚР халық әртісі Г.Тұтқабаева туралы монографияның авторы.

«Құрмет белгісі» орденімен, «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» медалімен, ҚР құрмет грамотасымен марапатталған.


13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 81 жыл
 бұрын (1937) Замбияның 2008-2011 жылдардағы    президенті Рупия Бвезани БАНДА дүниеге келді.








13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 163 жыл 
бұрын (1855-1922) француз саясаткері, Франция  (1920 жылғы ақпан-қыркүйек айларында Үшінші республика)  президенті Поль Эжен Луи ДЕШАНЕЛЬ  дүниеге келді.









13 ақпан. ҚазАқпарат күнтізбесі: атаулы күндер, оқиғалар, есімдер 145 жыл
 бұрын (1873-1938) орыстың опералық және камералық әншісі ШАЛЯПИН Федор Иванович дүниеге келді.

 

 


Басты сөздер: Күнтізбе,
Бөлісіңіз:
Онлайн қызметкерлер
Редактор
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
Мұрағат