1215 тонна Қазақстан бидайы Қытайдың Ляньюньган портына жетті

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан бидайы Қытайдың Ляньюньган порты арқылы шетелге экспортталады. Бұл туралы People Daily сайты хабарлады.

5 ақпан күні 1215 тонна Қазақстан бидайын тиеген арнайы астық таситын жүк пойыздары Ляньюньган портына жеткен. Бұл бидай Лиянюнган портынан теңіз жолы арқылы Ветнамға жөнелтілмек.

«Алдағы екі айда, шамамен Қазақстан бидайын тиеген 4 жүк пойызы Ляньюньган порты арқылы теңізге шығады. Бұл Қазақстан теміржолы мен Қытай теміржолының қолдауының арқасында жүзеге асып отыр. Қытай тарапы темір жол тарифін 30 пайызға жеңілдетті. Бұл Қазақстан астығының өзіндік құнын едәуір төмендетіп отыр», деп жазады дереккөз.

Еске сала кетейік, өткен жылы алғашқы  720 тонна Қазақстан астығы Ляньюньган портынан Вьетнамның Хошимин портына жөнелтілген еді. 

Ляньюньган теңіз порты Қытайдағы теміржол бағдарымен тікелей байланысқан әлемдегі ірі порттардың бірі саналады.

 

 

 

Соңғы жаңалықтар