12 желтоқсанда елдің басым бөлігінде жел күшейіп, тұман түседі

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат -  12 желтоқсанда республиканың  басым бөлігінде жел тұрып, тұман түседі, деп хабарлайды Қазгидромет.

Атап айтқанда, Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақ болады, Жалаңашкөл аймағында желдің жылдамдығы 28 м/с жетеді.

 Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстарында кей жерлерде тұман, көктайғақ.

 Маңғыстау, Атырау облыстарында кей жерлерде жел 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Түркістан, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, түнде Павлодар облыстарында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал. Шығыс Қазақстан облысында желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Соңғы жаңалықтар