12 желтоқсан күнгі ауа райы болжамы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 12 желтоқсан күні Қазақстан аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Еліміздің солтүстігі, шығысы және орталығында қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман, оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында желдің күшеюі күтіледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының кей жерлерінде тұман болжанады. Таңертең және күндіз Қызылорда облысында, күндіз Түркістан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Ақмола, Алматы, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі.

Соңғы жаңалықтар