12 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматыда өтетін маңызды шараларға шолу

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» Халықаралық ақпарат агенттігі 12 тамыз күні Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өтетін маңызды шараларға шолуды ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

Сағат 09.30-да Ұлттық теннис орталығында 12 жасқа дейінгі балалар арасында Азияның командалық біріншілігінің ашылу салтанаты өтеді.

АЛМАТЫ

Сағат 10.00-де Шекара қызметінің академиясында Алматы марафонының қайырымдылық шарасы аясындағы үш нысанның бірі таныстырылады.

Сағат 11.00-де «Almaty Towers» көпфункциялы кешенінде Қазақстан қор биржасы (KASE) дәстүрлі медиа-брифинг өткізеді. Оның барысында қазақстандық қор нарығының (соның ішінде валюталық нарықтың) 2019 жылғы шілдедегі жұмысы туралы статистикалық ақпарат ұсынады.

Сағат 12.00-де Ғ.Мүсірепов атындағы театрда Central Asia’s Got Talent («Орталық Азия таланттарды іздейді») телевизиялық жобасының төрт мемлекетте (Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан және Тәжікстан) өткен іріктеу кезеңінің аяқталуына арналған баспасөз мәслихаты өтеді.

Соңғы жаңалықтар