12 тамызда елордада өтетін маңызды шаралар аңдатпасы

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «ҚазАқпарат» халықаралық ақпарат агенттігі 12 тамыз күні Нұр-Сұлтанда өтетін маңызды шаралар аңдатпасын ұсынады.

НҰР-СҰЛТАН

9:00-де «Авеню» бизнес орталығында Қазақстандағы жеке балабақшаларды лицензиялау мәселелері жөнінде баспасөз мәслихаты өтеді.

10:00-де ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен елордадағы жаңа мешіт ашылады.

12:00-де ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде «Балалар мен ересектердегі COVID-19 ерекшеліктері туралы» баспасөз мәслихаты өтеді. Спикерлер: Клиникалық жұмыс жөніндегі проректор, медицина ғылымдарының докторы, профессор, жоғары санатты инфекционист дәрігер Бақыт Көшерова; «Астана медицина университеті» КЕАҚ балалар жұқпалы аурулары кафедрасының меңгерушісі, ҚР ДСМ-нің штаттан тыс бас инфекционисті Динагүл Баешева; Көпсалалы медицина орталығы басшысының жұқпалы аурулар қызметі жөніндегі орынбасары Татьяна Цечоева. Көрсетілім сілтемелері:

https://www.youtube.com/user/ortcomkz, https://ru-ru.facebook.com/ortcomkz

12:00-де MEGA Silk Way сауда-ойын-сауық орталығында «Green help» қоғамдық бірлестігі үй жануарларының фотокөрмесін ұйымдастырады.

14:00-де Астаналық циркте «Азия жаңғырығы» цирк фестивалі туралы баспасөз конференциясы өтеді.

17:30-да «Sheraton» қонақ үйінде Қазақстанның құрылыс саласына еңбегі сіңген қызметкерлері жиналады. Саланың үздік қызметкерлері «Құрметті құрылысшы» және «Еңбек сіңірген құрылысшы» төсбелгілерімен марапатталады.





Фото: www.istockphoto.com

Соңғы жаңалықтар