12 тамыз: Тұлғалар туған күн

None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚазАқпарат 12 тамызға арналған «Туған күн иелері» күнтізбесін ұсынады.

ЕСІМДЕР

61 жыл бұрын (1961) VII шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты, аграрлық мәселелер комитетінің мүшесі Шамиль Аблазетдинович ОСИН дүниеге келді.

Томск қаласында туған. Қарағанды қаласындағы №1 кәсіптік-техникалық училищені бітірген соң, 1979 жылы еңбек жолын Костенко атындағы шахтада жер асты электр слесарі болып бастады. 1982-1984 жж. Кеңес Армиясы қатарында борышын өтеді. Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін экономист мамандығы бойынша бітірген. 1984-1991 жж. мемлекеттік сауда саласында еңбек етті. 1991-1993 жж. шағын жеке кәсіпорын құрылыс директорының орынбасары болды. 1993-1999 жж. – «Саудажабдықтарыодағы» АҚ-ның Президенті. 1999-2009 жж. – «Шығыс» сауда үйі» ЖШС-нің Бас директоры. 2009 жылдан 2021 жылға дейін «Шығыс» шаруа қожалығының басшысы.

Қазіргі қызметінде – 2021 жылдың қаңтар айынан бастап.

Қазақстан Республикасының Президентінің Алғыс хатымен, бірқатарм медальдармен, грамоталармен марапатталған.

60 жыл бұрын (1962-2007) қазақтың белгілі тележурналисі, ақын Бейбіт ҚҰСАНБЕК дүниеге келген.

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз қаласында туған. С.М.Киров атындағы ҚазМУ-ді (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) (1984) және Мәскеу қаласындағы КСРО телерадио біліктілік көтеру институтының телекомментаторлар курсын бітірген (1988 ж).

1984-1997 жылдары Қазақ теледидарының Жастар, Әдеби-драмалық хабарлар бас редакциясында редактор, саяси шолушы, бас редактор, 1997-1999 жылдары «Алатау» телеканалының директоры, 1999-2000 жылдары әдеби-мәдени хабарлар шығармашылық бірлестігінің жетекшісі, 2000-2007 жылдары «Хабар» агенттігінде продюсер, тележүргізуші қызметтерін атқарған. Қазақ журналистикасында өзіндік қолтаңба, өшпес із қалдырған, қаламы қарымды, сөзі сүбелі тележурналистің бірі. «Өмір-өзен» айдарымен 1995-1997 жылдары 100-ге тарта хабар жасалды. Шығармалары: «Махаббат маусымы» (1996), «Өлең-өзім» (2007), «Ғұмырдария» (2008), «Ел ағалары» (2009).

Әр жылдары «Арай», «Құрдастар», «Мұхиттың арғы жағы – Америка», «Омбыдағы қазақтар», «Жадыра», «Көкпар», «ХХ ғасырдың жиырма сәті», «Кездесу», «Үркер», «Ойталас», «Дәуірнама», «Тіл», «Дидар», «Ел ағалары», «Бір сәт және бүкіл ғұмыр» сынды т.б. хабарлары жарық көрді. Сонымен қатар, репрессияға ұшырап, қайта ақталған арыстарға арналған «Халық зердесі» және өнер саңлақтары туралы жасаған «Алты арыс» бағдарламаасы әлі күнге ел есінде.

Марапаттары Қазақ ССР мемлекеттік телерадиокомитетінің Құрмет грамотасы; Қазақстан Жастар Одағы, Қазақстан Журналистер Одағы сыйлықтарының иегері; Қазақстан тәуелсіздігінің 10 жылдығына орай «Қазтрансойл» компаниясы ұйымдастырған журналистер арасындағы конкурстың жеңімпазы; Қазақстан Журналистер академиясының «Алтын жұлдыз» сыйлығы; ҚР Президенті бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы сыйлығының иегері; ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталған.


53 жыл бұрын (1969) ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолбасшылық өкілі Ержан Жиқсанғалиұлы МЫРЗАБАЕВ дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысында туған. Армия генералы В. Хрулев атындағы Ярославль жоғары әскери қаржы училищесін аяқтады (1990): РФ Үкіметі жанындағы Қаржы академиясы жанындағы Әскери қаржы-экономикалық факультетін бітірді (1999). Еңбек жолы: ҚР ҰҚК Шекара қызметі қаржы қызметінің бастығы, инспекцияның инспектор-ревизоры, департамент бастығының орынбасары, бас қаржы инспекциясының бастығы, ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі директорының орынбасары болды.

«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011), «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 10 жыл», «Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерiне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 10 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» (2015) медальдарымен марапатталған.

42 жыл бұрын (1980) «Отбасы банк» басқарма төрағасының орынбасары Мирас Берікұлы БЕЙСЕМБАЕВ дүниеге келді.

Өскемен қаласында туған. Қазақ заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін «Аудитор» мамандығы бойынша, Ресей Федерациясы Президенті жанындағы Ресей халық шаруашылығы және мемлекеттік қызмет академиясын бітірген.

Еңбек жолы: 2001-2006 жылдары – «Қазпошта» АҚ Мемлекеттік сатып алулар басқармасының бастығы, Мемлекеттік сатып алулар және логистика бөлімінің бастығы, әкімшілік басқару мүлкімен жұмыс жүргізу бөлімінің бастығы, филиалдармен жұмыс жүргізу басқармасының бастығы, бас заң кеңесшісі. 2006-2009 жылдары – «Вектор Строй» ЖШС директорының орынбасары. 2009 жылдың маусым-қыркүйек айларында «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің менеджері қызметін атқарды. 2009-2010 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Заң департаментінің Бас менеджері. 2010-2012 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Субсидиялау департаментінің директоры. 2012-2015 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарушы директор – Басқарма мүшесі. 2015-2017 жылдары – «Даму» кәсіпкерлікті дамыту қоры» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. «Қазақстан тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ басқарма төрағасының орынбасары (2017-2019).

Қазіргі қызметінде 2020 жылдың мамыр айынан бастап.

41 жыл бұрын (1981) Қазақстан Республикасы Қаржылық мониторинг агенттігі төрағасының орынбасары Ұлан Ермұханұлы РАИСОВ дүниеге келді.

Алматы қаласында туған. 1997-2001 жж. - Т.Рысқұлов атындағы Қазақ мемлекеттік академиясы, 2001-2003 жж. - Қазақ гуманитарлық-заң университетінде білім алды, 2013-2015 жж. - University of Bath, Brunel University London (Ұлыбритания) оқыды. Мамандығы: мемлекеттік басқару. «Болашак» бағдарламасының түлегі.

Еңбек жолы: 2004-2006 жж. – ҚР ҚМ Қаржылық бақылау және мемлекеттік сатып алу комитетінің бақылаушы-ревизоры. 2006-2013 жж. – ҚР Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінде басшылық лауазымдарда болды. 2020 жылғы 15 қазаннан 2021 жылғы 3 ақпанға дейін – Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитетінің F8 басқармасының басшысы.

2021 жылғы 4 ақпаннан бері қазіргі қызметінде.



39 жыл бұрын (1983) Маңғыстау облысы әкімінің орынбасары Әлимұхаммед ҚҰТТЫМҰРАТ-ҰЛЫ дүниеге келді.

Ақтөбе облысының Хромтау қаласында дүниеге келді. Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетін, экономист (2007); Қазақ-Орыс халықаралық университеті, заң бакалавры (2012); Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университеті, мұнай-газ ісі (2016) бітірген.

Еңбек жолын коммерциялық құрылымдарда бастаған. 2012- 2016 жылдары Орал қаласы әкімінің орынбасары, Атырау облысы әкімі аппаратының жетекшісі, Атырау облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болды. 2016 жылдың мамырында Махамбет ауданының әкімі болып тағайындалды. 2017-2018 жылдары – Атырау облысы Жылыой ауданының әкімі. Атырау қаласының әкімі (2018-2020). «Жайықмұнай» ЖШС бас директорының орынбасары (2020-2021).

Қазіргі қызметін 2021 жылдың қарашасынан бастап атқарып келеді. «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл», «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» мерекелік медальдарымен марапатталған.



Соңғы жаңалықтар